• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 14:55:32
Алматы
+12°

Франция президенті Макрон Павел Дуровтың қамауға алынуына қатысты пікір білдіріп, бұл "саяси шешім емес" екенін айтты. 

"Франция сөз бостандығы мен коммуникация, инновация мен кәсіпкерлікті қолдайды. Заң үстемдігі орнаған елде азаматтардың әлеуметтік желідегі және одан тыс жердегі құқығын қорғау заң аясында іске асады. Ал заңның сақталуына толық тәуелсіз сот жүйесі жауапты. Telegram иесі Франция аумағында жүргізіліп жатқан сот тергеуі аясында қамауға алынды. Бұл ешқандай да саяси шешім емес" — деді Франция президенті.

Еске сала кетейік, Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Парижде қамауға алынған болатын. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір