• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

01 Қазан, 02:39:12
+8°

30 Қыркүйек, 2024 NEWS

Су саласындағы проблемаларды шешуге ірі қаржы институттары тартылады – министр

Қазақстанда су секторын дамыту бойынша серіктестердің Үйлестіру кеңесі құрылды. Оған Су ресурстары және ирригация министрлігінің, БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) мен халықаралық ұйымдардың, қаржы институттарының, донорлық қауымдастықтардың және басқа да бірқатар құрылым өкілдері кіреді.

Фото: Gov.kz

Кеңес министрліктің, халықаралық ұйымдардың және донорлық қауымдастықтың күш-жігерін үйлестіре отырып, елдегі ұзақ мерзімді экологиялық тұрақтылық пен экономикалық дамуды ілгерілетуде маңызды рөл атқарады. Үйлестіру кеңесі ресурстарды жұмылдыруға, басқаруды нығайтуға, өңірлік ынтымақтастықты кеңейтуге және су ресурстарын басқаруда тұрақты тәжірибелерді ілгерілетуге ықпал ететін болады. 

«Бір жыл бұрын бұл салада жаңа министрлік құрылды. Осы уақыт ішінде негізгі үш бағытта жұмыстарды атқардық. Біріншіден, жаңа құқықтық базаны қалыптастыруға екпін қойылды. Парламент Мәжілісінде Су кодексінің жобасы қаралып жатыр және жылдың аяғына дейін осы құжат қабылдануы мүмкін. Сонымен қатар, су ресурстары бағытында 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы бекіттік. Атап айтқанда, саладағы жұмыстарды жүзеге асыру үшін бүгін елордада Су секторын дамыту бойынша серіктестердің үйлестіру кеңесінің бірінші отырысын ұйымдастырдық», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов елордада өткен жиында тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір