• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Қазан, 00:42:04
+8°

30 Қыркүйек, 2024 NEWS

"86 суицид жағдайы болған": Депутат қорғаныс министрлігіндегі тергеу нәтижелерін айтты

Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Константин Авершин әскердегі суицид жағдайларына қатысты тергеудің нәтижелерімен бөлісті.

Көрнекі сурет

Авершиннің айтуынша, соңғы төрт жылда әртүрлі күштік ведомстволарда 86 суицид болған. Яғни олардың ішіне Қорғаныс министрлігі, ІІМ Ұлттық ұланы, ҰҚК Шекара қызметі, Мемлекеттік күзет қызметі, Төтенше жағдайлар министрлігіктері кіреді.

Сонымен қатар маман төрт жыл ішінде қарулы күштерде 40 суицид фактісі тіркелгенін жеткізді. Оның ішінде:

  • 2021 жылы - 10;
  • 2022 жылы - 7;
  • 2023 жылы - 12;
  • 2024 жылы – 11 факт болған.

Санаттар бойынша:

  • офицерлер арасында болған суицид саны – 7;
  • келісімшарт бойынша әскери қызметкерлер арасында – 22;
  • курсанттар (кадеттер) арасында – 4;
  • мерзімді қызмет сарбаздары арасында – 7.

“34 факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды және түпкілікті процестік шешімдер қабылданды. Олардың ешқайсысында өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу белгілері анықталған жоқ", - деді ол.

Мәжілісмен аталған қылмыстық істер бойынша іс жүргізу қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылғанын жеткізді. Қабылданған іс жүргізу шешімдері прокуратурамен заңды деп келісілген.

"Алты факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Тергеу нәтижелері бойынша нақты себептер мен жағдайлар анықталады. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеуді ІІМ әскери-тергеу органдары жүргізеді. Тергеу барысын Бас әскери прокуратура қадағалайды. Қорғаныс министрлігінің тергеу барысына араласуға немесе ықпал етуге құқығы жоқ", - деді Авершин.

Депутат қорғаныс ведомствосы суицидтің әрбір фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізетінін, оқиғалардың себептері мен мән-жайларын, оларға ықпал еткен кемшіліктер мен олқылықтарды анықтайтынын, жұмыстың тиімділігін жақсарту және арттыру жөнінде ұсыныстар енгізетінін, сондай-ақ кінәлілерге қатысты шаралар қабылдайтынын айтты.

"Жүргізілген қызметтік тергеу нәтижелері бойынша 180 адамға қатысты тәртіптік ықпал ету шаралары қабылданды. 11 адам атқаратын лауазымдарынан босатылды. Екеуі әскери атағынан бір сатыға төмендетілді және 167 әскери қызметкер әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды (ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, атқаратын лауазымына толық емес қызметтік сәйкестік)", - деп қосты депутат.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір