Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Олжас Бектенов елдегі АЭС құрылысына қатысты мәлімдеме жасады.
"Алдағы уақытта Алматы облысында алғашқы АЭС-тің құрылысына қатысты тиісті келісімшарттарға қол қойылады. Сондай-ақ екінші және үшінші АЭС салынатын ықтимал орындарды анықтау үшін аймақтарға жүргізілген сараптама аяқталады", – деді премьер-министр.
Үкімет басшысы үш жылу электр орталықтарын салу бойынша жобалар басталғанын айтты. Жаңа ЖЭО Көкшетау, Семей мен Өскеменде салынып, 2032 жылы қолданысқа беріледі.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев елде екі үлкен АЭС салу керегін айтқан еді. Осылайша Қазақстан ядролық энергетикасы дамыған елге айналу керек дейді.
Пікір қалдыру