Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Кәсіби мерекелердің тізбесін бекіту туралы" бұйрыққа өзгерістер енгізуді мақұлдады.
Құжатқа сәйкес, Қазақстанда жаңа мерекелер пайда болды:
- Қаржылық мониторинг органдары күні – 28 қаңтар;
- Теңіз және өзен көлігі қызметкерлерінің күні – шілденің бірінші жексенбісі;
- Теміржол көлігі қызметкерлері күні – тамыздың бірінші жексенбісі;
- Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика саласы қызметкерлері күні – қыркүйектің екінші жексенбісі;
- Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні – 2 қазан;
- Автомобиль көлігі қызметкерлері күні – қазан айының соңғы жексенбісі;
- Автожол саласы қызметкерлерінің күні – қазан айының соңғы жексенбісі;
- Бухгалтерлік есеп және аудит саласы қызметкерлері күні - 10 қараша;
- Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері күні – 13 желтоқсан.
Сонымен қатар аталған мерекелер Үкіметтің 2024 жылғы 16 тамыздағы №668 қаулысымен бекітілгеніне байланысты Ұлттық баспасөз күні мен Радио күні аталған тізімнен алып тасталды.
Пікір қалдыру