Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев ауылдық жерлерді дамыту үшін не істеліп жатқанын айтты.
Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Бозымбаевқа "Елімізде 6 мыңға жуық ауыл бар. Бірақ ондағы жастар жұмыссыз. Бұл мәселе қалай шешіледі? Арнайы бағдаламалар бар ма?" деп сұрақ қойды.
Біз бұл мәселені білеміз. Қазіргі таңда өңірлік саясатты өзгертеміз деп жоспарлап отырмыз. Оған тиісті тобымыз бар. Бүгінде 75 сарапшы әр өңірлерге скрининг жұмыстарын жүргізеді. Біреулер мал шаруасымен, енді біреулер бау-бақшада жұмыс істейді. Сондықтан қандай жағдай жасау керек және құрылым болуы керек... Мәселен, кейбіреулері екі сиыр ұстайды, жайылымы бар, бірақ сүт өткізетін жері жоқ. Сол себепті ол аймаққа сүт сақтайтын қоймалар қажет. Оларды сүт зауытына дейін жіберу қажет, - дейді Қанат Алдабергенұлы.
Бозымбаевтың айтуынша, қосалқы шаруашылық еліміздің ауыл шаруашылығының 36 пайызын алып отыр. Сөзінше, қосалқы шаруашылықты екі есе арттыру қажет.
Бізде ауылды дамытуға қатысты 3-4 мемлекеттік бағдарлама бар. Керек болса, оларды қайта қарастырамыз, - дейді вице-премьер.
Пікір қалдыру