Бізде ауылды дамытуға қатысты 3-4 мемлекеттік бағдарлама бар. Керек болса, оларды қайта қарастырамыз, - дейді вице-премьер.

/uploads/thumbnail/20250124145806170_big.webp

Бүгін бас қадағалау органында кеңейтілген алқа отырысы өткізілді, онда 2024 жылғы жұмыстың қорытындысы қаралды.

Іс-шараны аша отырып, Бас Прокурор Берік Асылов прокуратура органдары заңдылықты қамтамасыз ету, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңға бағынатын бизнесті заңсыз тексерулерден арашалау, маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, заңсыз активтерді қайтару, азаптаулардың алдын алу, сондай-ақ алаяқтыққа, есірткі бизнесіне және басқа да қауіпті құбылыстарға қарсы күрес жөніндегі құқық қорғау органдарының күш-жігерін үйлестіру бойынша шаралар кешенін қабылдағанын атап өтті.

Өткен кезеңде прокурорлар Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, инвесторлар мен олардың инвестицияларын қорғау жөніндегі жұмысты жалғастырды, Президент бұл жұмысты ұлттық басымдықтар деңгейіне көтерді.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша жүйелі шаралар қабылданды. Атап айтқанда, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу барысында 565 инвестор нақты көмек алды, олардың ел экономикасына қосқан үлесі 10 трлн теңгені құрады.

Бас Прокурор прокуратура мен басқа да құқық қорғау органдарының өкілеттіктерін пайдакүнемдік мақсатта, бизнеске қысым жасау, экономикалық қақтығыстарға қатысу үшін пайдалану әрекеттерін қатаң түрде тоқтату қажеттілігін атап өтті.

Әлеуметтік-экономикалық салада прокурорлардың актілері бойынша 3,5 млн азаматтың конституциялық құқықтары қорғалды, оның ішінде – 123 мың қызметкер, 1,9 млн-ға жуық жасөспірім,  23 мыңнан астам баланың пайдасына алимент бойынша 4,6 млрд теңге қарыз өндірілді.

Барлық анықталған бұзушылықтар мен проблемалық мәселелер бойынша Үкіметке 23 қадағалау актісі енгізілді (экология, балалардың құқықтарын қорғау, ЖКО алдын алу, азаматтардың өтініштерін қарау сапасы бойынша және т.б.). Олардың негізінде Жол карталары, заңдарға және заңнан туындаған актілерге түзетулер әзірленді, сонымен қатар оларда баяндалған бұзушылықтарды жою, сондай-ақ азаматтардың, бизнестің құқықтарын және мемлекеттің мүдделерін қорғау үшін қажетті басқа да шаралар қабылданды.

Активтерді қайтару жөніндегі құқықтық тетіктерді нығайту жалғастырылды.

Өткен жылы 428,7 млрд теңге мөлшерінде ұрланған активтер қайтарылды. Заң субъектілерімен келісімдер бойынша 48 млрд теңгеден астам сомаға 15 әлеуметтік және инвестициялық жоба іске қосылды.

Халықаралық тәжірибені ескере отырып, сот тәртібімен түсініксіз шыққан активтерді мемлекет кірісіне айналдыру практикасы енгізілді. Қазіргі таңда нәтиже бар екенін айта кету жөн болады (10 миллион долларға талап қанағаттандырылды, сома өтелді). Сонымен қатар, мүлікті ерікті түрде кері қайтару бөлігінде субъектілермен жұмыс жүргізілуде.

Елдегі криминогендік жағдай тұрақты бақылауда.

Қылмыстық құқық бұзушылықтар санының төмендеуі жалғастырылуда (140-тан 132 мыңға дейін; -5,3%). 

Алаяқтыққа, есірткі қылмысына және басқа да қауіпті құбылыстарға қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтарының кепілдіктері нығайтылады.

Қылмыстық орбитаға 4 132 азаматты негізсіз тартуға жол берілмеді.

Азаптау фактілері екі есе азайды (54%, 424-тен 194-ке дейін).

Халықаралық ынтымақтастық желісі бойынша шетелдік әріптестермен өзара іс-қимыл және ынтымақтастықты нығайту қамтамасыз етілді, сондай-ақ іздеуде жүрген адамдарды экстрадициялау және қылмыскерлерді ұстап беру жөніндегі жұмыс жалғастырылды.

Қылмысқа қарсы іс-қимыл, заңсыз шығарылған активтерді қайтару мәселелері бойынша шет мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша жұмыс жалғасуда.

2024 жылы 9 (1) халықаралық шарттар жасалды (Мароккомен (3), Перумен (3), Катармен (2) және Кипрмен (1)).

       Шетелде жасырынып жүрген адамдарды экстрадициялау бойынша жұмыс жандандырылды.       

        2024 жылы Қазақстанға 67 (55) адам ұсталып жіберілді (Ресейден – 37, Грузиядан – 6, Қырғызстаннан – 4, Түркиядан, БАӘ мен Әзірбайжаннан 3-ден, Польша мен Армениядан 2-ден, Испания, Швеция, Чехия, Германия, Корея, Молдова, Украинадан 1 -ден).  

   Алдағы кезеңде қадағалау органының күш жігері мыналарға бағытталатын болады:

  1) Мемлекет басшысының нұсқамаларын одан әрі іске асыру («Заң және тәртіп», «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Әділетті Қазақстан – Адал азамат», «Таза Қазақстан» және т.б. қағидаттарына);

       2) құқық бұзушылықтардың профилактикасын күшейту және алаяқтық, қарақшылық, есірткі бизнесі және басқалар сияқты қазіргі заманғы сын-тегеуріндерге қарсы күреске;

      3) қадағалау қызметіне, оның ішінде жасанды интеллектті пайдалана отырып, цифрлық құралдарды енгізуге;

     4) қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруға.

  Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде прокуратура органдары заңсыз шығарылған активтерді қайтару, сондай-ақ инвесторларды «прокурорлық сүзгі» арқылы қорғау жөніндегі жұмысты жалғастырады.

Әртүрлі салалардағы жүйелі және өзекті мәселелер бойынша тексерулер жүргізу жоспарланған.

Олардың қатарында азаптауға қарсы іс-қимыл және қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол бермеу, білім беру қызметін лицензиялау кезінде заңдылықты сақтау, сондай-ақ кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламалары, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде заңнама талаптарын сақтау мәселелері және басқалар бар.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар