Қаңтар оқиғасында ұсталған Қайрат Құдайберген 8 жылға, ал Арман Жұмагелдиев 20 жылға сотталды.
Қаңтар оқиғасында жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысты деген күдікпен ұсталған кәсіпкер Қайрат Құдайберген 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Арман Жұмагелдиев 20 жылға бас бостандығынан айырылды.
Құдайбергенге қоғамдық қызметпен айналысуға тыйым салынды және ол "Құрмет" орденінен айырылды. Жұмагелдиевке де енді қоғамдық қызметпен айналысуға болмайды.
Қайрат Құдайберген 2022 жылдың 22 сәуірінде Қаңтар оқиғасына қатысты деп ұсталған еді. Құдайберген жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды және қатысты деген күдікке ілінген. Сонымен қатар тергеу нұсқасына сәйкес Жұмагелдиевпен бірге "Қазақстан" қонақүйінде жиын ұйымдастырған.
Бұған дейін "Қалаулым" бағдарламасы арқылы танылған Бердах Бекетов Қаңтардағы бүлікке қатысқаны үшін 7 жылға сотталған еді.
Пікір қалдыру