«Агроөнеркәсіп кешені экономикадағы басты қозғаушы күштің біріне айналуға тиіс. Бизнес те, мемлекет те осыған мүдделі. Бұл, ең алдымен, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды. Ауылдағы ағайынның тұрмысы да осы салаға тікелей байланысты», - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
2024 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша саланың жыл сайынғы жеткіліксіз қаржыландыру мәселесі шешілді.
Көктемгі егіс, егін жинау жұмыстарына және ауыл шаруашылық техникасының лизингіне қомақты қаражат бөлінді. Алғаш рет жеңілдетілген несиелендіру көлемі жылдық 5%-бен 580 млрд теңгеге дейін жеткізілді, ал өткен жылдары бұл көлем 160 млрд теңгеден аспады. Қабылданған шаралар фермерлерге барлық қажетті агротехникалық шараларды толық көлемде өткізуге мүмкіндік берді. Пайдаланатын элиталық тұқымдардың үлесі 7,1%-дан 9%-ға дейін өсті.
Қарыз алушылардың 90%-ын шағын және орта шаруашылықтар құрайды. Олар дамуға қажетті ресурстарға ие болды.
Нәтижесінде 2024 жылы Қазақстан соңғы 13 жылда алғаш рет дәнді және бұршақты дақылдардан 26,7 млн тонна өнім жинады. Өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемі 21,1%-ға және мал шаруашылығында 3,2%-ға өсуі ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің 13,7%-ға ұлғаюына ықпал етіп, 8,3 трлн теңгені құрады.
Бүгінде Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені 1,1 млн-нан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етуде. Бұл 4 млн-нан астам азаматтың қаржылық әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Ауыл шаруашылығы маңызды экономикалық секторға ғана емес әлеуметтік тұрақтылықтың негізгі факторына айналуда.
«Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет», - ҚР Президенті Қасым-Жомарт То
Пікір қалдыру