Депутат МӘМС жүйесін тоқтата тұруды ұсынды

/uploads/thumbnail/20250127152607450_big.webp

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы МӘМС жүйесін уақытша тоқтата тұруды ұсынды.

Депутат Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға МӘМС жүйесін уақытша тоқтата тұруға, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қызметкерлерінің жалақысына қатысты сұрақ қойды.

МӘМС-тің жұмыс істеп жатқанына 6 жыл болды. Не тіркеу тоқтаған жоқ. Оның ішінде марқұмдарды да тіркеп жіберді. 3-4 айлық балалардың да тісін емдедік деп қор ақша алып отырғанын көріп отырмыз. Былтыр Президент тапсырған медициналық көмектің бірыңғай топтамасы да жасалған жоқ. Оған қоса Мемлекет басшысы айтқан “жергілікті билік өкілдері, әкімдіктер әлеуметтік осал топтардың кейбірінің медициналық сақтандыруын жергілікті бюджеттен төлесін” бастамасы да жүзеге асқан жоқ. Осы МӘМС-ті жасау арқылы халықты сынақ алаңына салып жіберген сияқтымыз. Бұрынғы жүйе де, қазіргі жұмыс де істеп тұрған жоқ. Халық қайда барып, ем аларын білмейді, - деді депутат.

МӘМС-тің жұмыс істеп жатқанына 6 жыл болды. Не тіркеу тоқтаған жоқ. Оның ішінде марқұмдарды да тіркеп жіберді. 3-4 айлық балалардың да тісін емдедік деп қор ақша алып отырғанын көріп отырмыз. Былтыр Президент тапсырған медициналық көмектің бірыңғай топтамасы да жасалған жоқ. Оған қоса Мемлекет басшысы айтқан “жергілікті билік өкілдері, әкімдіктер әлеуметтік осал топтардың кейбірінің медициналық сақтандыруын жергілікті бюджеттен төлесін” бастамасы да жүзеге асқан жоқ. Осы МӘМС-ті жасау арқылы халықты сынақ алаңына салып жіберген сияқтымыз. Бұрынғы жүйе де, қазіргі жұмыс де істеп тұрған жоқ. Халық қайда барып, ем аларын білмейді, - дейді Нартай Аралбайұлы.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова МӘМС жаңа жүйе болғандықтан кемшіліктері бар екенін жасырмады. Ол бұл кемшіліктерді депутаттармен бірге жоятынына сенімді екенін қоса кетті.

- 17 млрд теңгенің ішіне барлығы кіреді. Жалақыны төлеу қоры 11 млрд теңге болса, қалған шығындар 20 филиал мен орталық филиалдың барлығын ұстап тұруға кетеді. 2024 жылдың қорытындысымен 15,5 млрд теңге көлемінде қаражат шығындарға жұмсалды, - деп түсіндірді министр Мәжілісте.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар