Ол атап өткендей, денсаулық сақтауға шығыстардың айтарлықтай ұлғайғанына қарамастан, азаматтардың медициналық қызметтердің көрсетілуіне қанағаттану деңгейі төмендеп барады.
Мәселен, соңғы 3 жылдың өзінде денсаулық сақтауға шығыстар 2,8 есе артты, ал халықтың қызметтердің сапасына қанағаттану деңгейі 47 пайызға дейін төмендеген. Денсаулық сақтау министрлігі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру нәтижелерінің бірі саналатын диагностикалық қызметтердің тұрақты өсіп жатқаны туралы үнемі есеп береді. Олардың деректері бойынша консультациялық – диагностикалық қызметтер саны, компьютерлік және магниттік-резонанстық томография қызметтерінің саны 7 есе өскен, - дейді Еспаева.
Алайда депутаттың айтуынша, диагностикалық қызметтердің өсуі ауруды ерте анықтауға ешқандай әсер етпеген.
Тіпті, кейбір жағдайларда бұл қызметтер қажеттіліктің жоқтығына қарамастан тағайындалған. Аталған саланы қаржыландыру көлемі ұлғайса да шешімін таппаған жүйелі проблемалар әлі бар, - деді Дания Еспаева Үкімет сағатында.
Пікір қалдыру