Қамшы түрлері және сипаттамасы

/image/2024/12/06/crop-18_2_320x569_qamshylar-029-620x330.jpg
  1. Сүндет қамшы – бала сүндетке отырғызу кезінінде бала қолына қашы ұстату дәстүрін орындау барысында қолданылатын қамшы түрін - «Сүндет қамшы» деп атайды.
         2. Неке қамшы – некелесу рәсімінде символдық мағынасы бар қамшыны «Неке қамшы» дейді.
        3. Баптау қамшы – үйретілген малды баптауға арналған қамшыны - «Баптау қамшы” дейді.
       4. Бишік қамшы – мал қайыруға арналған жеңіл өрімі ұзын қамшыны -«Бишік қамшы» дейді.
        5. Шыбыртқы қамшы – ұзын өрімді, мал айдауға арналған, сабы ұзын қамшыны-«Шыбыртқы қамшы» деп атаған.
        6. Темір қамшы – сабы мен өрімі темірден жасалып, қару ретінде қолданылған қамшыны -«Темір қамшы» деп атайды.
        7. Зер қамшы – күміс немесе алтынмен безендірілген сәндік қамшыны -«Зер қамшы» дейді.
        8. Дом қамшы – емдік мақсатта, ұшықтау үшін пайдаланылатын қамшыны -«Дом қамшы» деп атайды.
        9. Балаң қамшы – балаларға арналған, шағын әрі жеңіл қатерсіз қамшыны - «Балаң қамшы» не «Бала қамшы» деп атаған.
        10. Ана қамшы – әйелдерге арналған нәзік әрі сәнді қамшыны -«Ана қамшы» дейді.
         11. Үзбе қамшы – өрімі үзбелі болып келген, әсем өрнектелген қамшыны -«Үзбе қамшы» дейді.
         12. Тарам қамшы – өрімі бірнеше тармаққа бөлінген қамшыны - «Тарам қамшы» деп атаған.
         13. Тарлан қамшы – ерекше тарихи өрнегі бар, ұзақ сақталған салтанатты  сақа қамшыны - «Тарлан қамшы» деп атаған.
         14. Келте қамшы – қысқа әрі жеңіл қамшы, көбіне тұрмыста қолданылатын қамшы түрін -«Келте қамшы» дейді.
         15. Шашақ қамшы – өрімінің немесе сабының ұшында шашақтары бар немесе ұзын көп шашақты қамшыны -«Шашақ қамшы» дейді.
         16. Бәйге қамшы – ат бәйгесінде, бәйгеге мінген баланың қолына ұстайтын, бәйге атын қамшылау үшін қолданылатын қамшыны -«Бәйге қамшы» деп атайды.
         17. Биялай қамшы – қолғап тәрізді етіп жасалған, қолға ұстауға қолайлы қамшыны -«Биялай қамшы» деп атаған.
         18. Соп қамшы – мал бағуда және атқа мінгенде қолданылатын қарапайым қамшыны -«Соп қамшы» дейді.
         19. Айыл қамшы – айыл-тұрманмен бірге жасалатын өрімі жуан сәндік қамшыны -«Айыл қамшы» дейді.
          20. Салт қамшы – салт-жоралғыларда қолданылатын сәндік, сыйға тартуға арналған қамшыны - «Салт қамшы» деген.
          21. Бұзау қамшы – бұзауды қайыруға арналған жеңл, шағын қамшыны - «Бұзау қамшы» дейді.
         22. Түйе қамшы – түйе айдауға арналған ұзын әрі берік сом қамшыны - «Түйе қамшы» дейді.
         23. Бәкі қамшы – сабы бәкі ретінде қолданылатын көпқызметті қамшыны -«Бәкі қамшы» деген.
         24. Сарала қамшы – сбын сары мыс қаптап ерекше әшекейлеп жасаған сәндік және емдік қамшыны -«Сарала қамшы» дейді.
         25. Аң қамшы – аңшылықта қолданылатын жеңіл әрі ықшам, өрімі өткір қамшыны - «Аң қамшы» дейді.
          26. Көкпар қамшы – көкпаршылардың төзімді, ұзын өрімді қамшысын -«Көкпар қамшы» дейді.
          27. Үйір қамшы – жылқы үйірін қайыруға арналған әрі ұзын әрі берік қамшыны -«Үйір қамшы» дейді.
          28. Барымта қамшы – қару ретінде де сән ретінде де қолданылатын ауыр қамшыны - «Барымта қамшы» деген.
          29. Дойыр қамшы – өрімі ұзын әрі жуан, шымыр күшті қамшыны - «Дойыр қамшы» деп атаған.
          30. Шоқпар қамшы – сабына шоқпар қосылған ауыр қару ретінде қолданатын қамшыны - «Шоқпар қамшы» дейді.
          31. Бәсіре қамшы – ұл баланы алғаш ашамайға мінгізу дәстүрін атқарған кезде сыйлық ретінде жасалатын ерекше қамшыны -«Бәсіре қамшы» деп атаған.
          32. Дүр қамшы – жаза беру үшін және сән-салтанат көрсетіп, дауа түскенде ортаға тастауға қолданылатын көп өрімді қамшыны -«Дүр қамшы» дейген.
          33. Жалпақ қамшы – өрімі жалпақ болып келген, сәндік және тұрмыстық қамшыны - «Жалппақ қамшы» деп атаған.
          34. Жырым қамшы – бетіне жырым салынған өрнекті қамшыны - «Жырым қамшы» деп атайды.
          35. Қойбас қамшы – қой қайыруға арналған, сабының басына қой басы пішінін келтіріп жасаған жеңіл қамшыны - «Қойбас қамшы» деп атаған.
          36. Тайбас қамшы – сабына тай басының пішінін салып, сәндеп жасаған, тай қайыруға арналған шағын қамшыны - «Тайбас қамшы» деп атаған.
          37. Қозы қамшы – сабына қозының бас пішінін салып, сәндеп жасаған қозы қайыруға арналған жеңіл әрі шағын қамшыны - «Қозы қамшы» деп атайды.
          38. Бұзаубас қамшы – сабына бұзау басының пішінін салып жасаған, бұзау қайыруға арналған қысқа қамшыны -«Бұзаубас қамшы» деп атаған.
          39. Бақ қамшы – бақсылықта қолданылған, киелі деп саналатын қамшыны - «Бақ қамшы» деген.
          40. Жол қамшы – сапарда жүргенде қолданылатын, басқа мақсатқа қолданбайтын өте сәнді, қымбат әшекеймен сәнделген  ықшам қамшыны - «Жол қамшы» деп атаған.
         41. Серкебас қамшы – сабына серкенің бас пішінін салып жасаған, серке қайыруға арналған шағын қамшыны -«Серкебас қамшы» деп атайды.
         42. Жолай қамшы – жақын аралыққа жол жүргенде, шыға - шаппаға қажетті қарапайым қамшыны -«Жолай қамшы» деп атаған.
         43. Қатын қамшы – әйелдерге арналған, нәзік өрнектелген нәзік жасалған, сәнді қамшыны -«Қатын қамшы» деген.
          44. Қыз қамшы – қыздардың қолдануына арналған, алтынмен аптап, көміспен күптеп сәндеп жасаған  сәндік қамшыны - «Қыз қамшы» деп атаған.
          45. Бұжыр қамшы – өрімі бұдырлы, сәндік немесе қару ретінде қолданылған, ұрған жерін жыртып түсіретін ара жүзді қамшыны -«Бұжыр қамшы» дейді.
          46. Сылық қамшы – беті жылтыр, ерекше сәндік қамшыны - «Сылық қамшы» дейді.
          47. Орама қамшы – өрімі мен сабы былғарымен ерекше оралған өрнекпен жасалған қамшыны -«Орама қамшы» дейді.
          48. Алтын қамшы – сабы алтынмен әшекейленген не сәп алтыннан сап салынған сәндік қамшыны - «Алтын қамшы» деп атайды.
          49. Күміс қамшы – сабын сәп күміспен безендірілген сәндік қамшыны - «Күміс қамшы» дейді.
          50. Мыс қамшы – сабын сәп мыспен қаптаған , әдемі әшекейлері бар сәндік қамшыны - «Мыс қамшы» дейді.
          51. Жез қамшы – сабы жезден жасалған немесе жезбен әшекейленген қамшыны - «Жез қамшы» дейді.
          52. Тікенек қамшы – сабында немесе өрімінде тікенектері бар қару қамшыны - «Тікенек қамшы» дейді.
          53. Түйебас қамшы – сабына түйе басынының пішінін салып жасаған, түйе айдауға арналған ұзын әрі мықты қамшыны - «Түйебас қамшы» дейді.
          54. Бәлгер қамшы – ем-домда қолданылатын киелі қамшыны - «Бәлгер қамшы» деп атаған.
          55. Батыр қамшы – батырларға тән ауыр, айбынды өрімі сом берік қамшыны - «Батыр қамшы» деп атаған.
         56. Атбас қамшы – сабына ат басының пішінін салып, ірі жылқыны қайыруға арналған қамшыны - «Атбас қамшы» деп атаған.
         57. Ақ қамшы – сабы ақ былғарымен қаптап жасаған, сал-серіьерге арнап жасаған, түсі ақ, ерекше сәндік қамшыны - «Ақ қамшы» деп атаған.
          58. Босмойын қамшы – бір серкенің терісіннен сабын да өрімінде шығарып қаты мәтериял қоспай жасаған ұстауға жеңіл, икемді қамшыны -«Босмойын қамшы» деп атаған.
          59. Былғары сап қамшы – сабы былғарыдан жасалған қамшыны -«Былғары сап қамшы» деп атайды.
          60. Күміс бауыр қамшы – сабының бауырын күміспен көмкерілген ерекше сәнді қамшыны - «Күміс бауыр қамшы» деп атаған.
          61. Қозы өрім қамшы – өрімі маржандай өрілген, қозы қайыруға арналған шағын қамшыны - «Қозы өрім қамшы» деп атаған.
          62. Қара қамшы – күнделік тұрмыста үнемі қолданылатын, түсі қара, қарапайым әрі мықты қамшыны - «Қара қамшы» дейді.
          63. Тамшы өрім қамшы – өрімі тамшы тәрізді өрілген, көздің жауын алатын әдемі қамшыны - «Тамшы өрім қамшы» деп атайды.
          64. Жылан бауыр қамшы – өрімі жылан терісіне ұқсас не жыланның қабымен қаптап жасалған қамшы түрін - «Жылан бауыр қамшы» дейді.
          65. Төр қамшы – төрелерге іліп қоюға арналған, төрге ғана тән сәнді әрі салтанатты қамшыны - «Төр қамшы» деп атаған.
         66. Жантақ қамшы – өрімінде жантақ тәрізді өрнектері бар қамшы түрлерін - «Жантақ қамшы» деп атаған.
         67. Тоқ қамшы – өрімі жуан, тоқ өрілген самағы ауыр, құрал ретінде қолданылатын қамшыны - «Тоқ қамшы» деп атаған.
         68. Сабау қамшы – өрімі жіңішке, жеіңіл бірақ өткір, тентекті тежеп, сотқарды соттайтын , жауды сабауға арналған қамшыны -«Сабау қамшы» деп атайды.
          69. Түйреу қамшы – ұшы үшкір болып келетін, қару ретінде қолданылған қамшыны - «Түйреу қамшы» дейді.
          70. Бөрте қамшы – өрімі мен сабында ерекше ою-өрнектері бар сәндік қамшыны - «Бөрте қамшы» деп атайды.
          71. Сыңар өрім қамшы – бір ғана жолақтан өрілген қарапайым қамшыны - «Сыңар өрім қамшы» не «Шыйратпа қамшы» деп атаған.
         72. Көтерме қамшы – ерекше әшекейленіп, сыйлық немесе марапат ретінде жасалатын қамшыны - «Көтерме қамшы» дейді.
          Осы 72 түрлі қамшының әрқайсысы тұрмыс-тіршілікте, сән-салтанатта, немесе дәстүрлі жоралғыларда өз орнына сай қолданылған.
          Бұл қамшылардың әрқайсы халықтың тұрмысы мен дәстүрінде өзіндік орын алалатын және белгілі бір қызметті атқарған ұлттық ерекше тұтыну бұйымы болып есептеді.                                   

Болат Бопай, этнограф

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар