Қырғызстанда депутаттарға жалақы төлеу тоқтатылды. Алайда олардың өкілеттігі әлі де сақталады. Өкілеттік тек сегізінші шақырылым депутаттары ант беріп, өз қызметіне кіріскеннен кейін ғана тоқтатылады.
Жоғарғы кеңестің баспасөз қызметінің айтуынша, бұл шешім алдағы сайлаудың барлық қатысушылары үшін ашықтық пен тең жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған.
Осыдан кейін парламент депутаттарының кеңесшілері мен көмекшілері жаппай қызметтен кетті. Мамандардың айтуынша мұндай шешім алдағы сайлауға байланысты қабылданған.
Бұған дейін парламенттік комитет Жоғарғы кеңестіі мерзімінен бұрын тарату туралы бастаманы мақұлдаған болатын. Депутаттардың бастамашыл тобы шешім қабылдау үшін қажетті 32 қол жинады. Бұл — саяси тарихы күрделі шағын мемлекет үшін елеулі сынақ болғалы тұр.