Еуроодақтың Ресейге қарсы санкциясына қазақстандық банк те ілінді

/uploads/thumbnail/20251024124416527_big.webp

Еуропалық Одақ Ресейге қарсы санкциялардың 19-шы пакетін қабылдады. Санкцияға ілінгендердің қатарында қазақстандық ВТБ банкі де бар. 

Бұдан бөлек ВТБ-ның Беларусь пен Шанхайдағы еншілес компанияларына санкция салынды.

Еуропалық кеңес жариялаған құжатқа сәйкес, шектеу шаралары 2025 жылдың 2 желтоқсанында күшіне енеді. Оларға қаржылық қызметтерге қол жеткізу және ЕО юрисдикциялары аясындағы транзакцияларға шектеулер кіреді. ВТБ Қазақстан бұған дейін бас компанияға қойылған шектеулерге байланысты қиындықтарды бастан кешірді.

Еуроодақтың сыртқы істер бойынша жоғарғы өкілі Каи Калластың айтуынша, жаңа санкцияның нысанасы – ресейлік банктер, криптовалюта биржалары, Үндістан мен Қытайдағы ұйымдар.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар