Қазақстанның "Халық әртісі" атағын кімдер алды?

/uploads/thumbnail/20251024144608391_big.webp

Бүгін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Республика күнінің қарсаңында бірнеше қазақстандықты наградтады. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы мәдениет саласының көрнекті өкілдері З.Алтынбаеваға, Ә.Алтынбекке, Н.Жмеренецкаяға, Б.Қажыбаевқа, белгілі кәсіпкер, қоғам қайраткері И.Сауэрге және тағы да басқаларға берілді. 

«Қазақстанның халық жазушысы» атағына ақын М.Айтқожа, жазушы Ғ.Қабышұлы, «Қазақстанның халық әртісі» атағына музыка, театр және кино өнерінің көрнекті қайраткерлері Болат Әбділманов, Меруерт Өтекешова, Айтқали Жайымов, Шынар Жанысбекова, Б.Ибраев, К.Қазақбаева және Р.Машурова, Т.Жанқұл лайық деп танылды.

Денсаулық сақтау және ғылым саласының бірқатар өкілі «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» және «Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері» құрметті атақтарына ие болды. 

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар