"50 күнге қамау": Министрлік сталкинг үшін қылмыстық жаза тағайындалғанын хабарлады

/uploads/thumbnail/20250916165548716_big.webp
Ішкі істер министрлігі бүгіннен бастап сталкинг үшін қылмыстық жазаның енгізілгенін ескертті, деп хабарлайды  Polisia.kz порталы.
 
Заңға енгізілген түзетулерге сәйкес, зорлық-зомбылық қолданылмаса да, адамның психологиялық жағдайына елеулі зиян келтіретін әрекеттер сталкинг ретінде қарастырылады. Олар:
  • айтарлықтай зиян келтіріп, адамның жеке шекарасын бұзу;
  • еркінен тыс ізіне түсу;
  • қайта-қайта телефон соғу;
  • интернет арқылы бақылаумен қорқыныш немесе алаңдаушылық сезімін тудыру.
Бұдан былай, мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жаза қолданылады. Кодексте бірнеше жаза қарастырылған:
  • 200 АЕК-ке дейін айыппұл (2025 жылы 786 400 теңге);
  • 200 сағатқа дейін қоғамдық немесе түзеу жұмыстары;
  • 50 тәулікке дейін қамауға алу.
Сонымен қатар 16 қыркүйектен бастап Қылмыстық кодекске жаңа 125-1-бабы "Некеге мәжбүрлеу" енгізілді. Енді бұл әрекет қылмыстық құқықбұзушылық ретінде танылады.
Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар