Украина президенті Владимир Зеленский Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесуге дайын елдерді атады. Тізімде Қазақстан да бар. Бұл туралы Украина президенті Fox news арнасына берген сұхбатында айтты.
"Мен де, командам да Түркияда, Сауд Арабиясында, Қатарда, Аустрия мен Швейцария сияқты бейтарап елдерде кездесуді ұсындық... Қаласаңыздар, мысалы, Қазақстанда да кездесуге болады", – деді Зеленский.
Владимир Зеленский кездесудің Мәскеуде өтуіне қарсы екенін жеткізді. Бұған дейін Путин келіссөз өткізу үшін Зеленскийді Мәскеуге шақырған болатын. Алайда Украина басшысы бұл ұсыныстан бас тартты.