“Энергосистема” ЖШС-тан қоңырау шалып тұрғанын айтқан алаяқ есептегішті ауыстыру үшін "1414" нөмірінен келетін кодты айтуын сұраған. Кейін ақтөбелікке тағы бір адам хабарласып, өзін “банк қызметкерімін” деп таныстырған. Ол ер адамның атынан әлдебіреу несие рәсімдегенін жеткізген.
“Алаяқтар ақша ұрлануының алдын алу үшін ер адамға заңсыз қарыздың күшін жою мақсатында айналық несие рәсімдеп, ақшаны қауіпсіз шотқа аударуды ұсынады. Ер адам алаяқтардың айтқан талаптарын түгел орындаған”, – деп мәлімдеді Ақтөбе облысының полициясы.
Салдарынан алаяқтар жәбірленушінің атынан үш банктен несие рәсімдеп, көрсетілген шотқа 7 миллион теңге аударған.
Пікір қалдыру