ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚЫТАЙМЕН ҚОРҚЫТУ АҚШ-тың ІСІ МЕ?

/uploads/thumbnail/20170709014815449_small.png

Астанада Ұлы Жібек жолы елдерінің «Қуат, ресурстар және тұрақты даму» тақырыбындағы форумы өтті. Форумға тәуелсіз сарапшы ретінде қатысқан Ермек Ниязов Жібек жолын жаңғырту идеясы дәл қазіргі уақытта, елімізде болып жатқан жағдайларға және осыдан үш жыл бұрынғы Украинаның ахуалымен тікелей байланысты деп есептейді. Бұл туралы Qamshy.kz Bnews.kz – ке сілтеме жасап хабарлайды.

Әлемдегі ірі экономикалық ойыншылардың жұтылып кетпей, өздерін сақтап қалуының басты тетігі - жаңа сауда-саттық нарықтарын іздестіру. Бұл жағдайда ең тиімді нарық – Еуроодақ.  Ал осы үлкен нарықты «жаулау» 2013 жылдың 8 ақпанында басталған болатын. Сол күні АҚШ пен ЕО Трансатлантикалық сауда және инвестициялық серіктестік құру туралы шешім қабылдаған еді.

Бірақ, осы тұста Жібек жолы идеясы пайда болды. 2013 жылдың қыркүйегінде Си Цзинь Пинь жолдас Орталық Азия елдеріне жағалай сапар жасап, Қазақстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан басшыларымен кездесті. Сөйтіп, Бейжіңге жалпы құны 60 млрд доллардан асатын келісім-шарттармен оралды.  Олардың арасында теміржол және автожолдар құрылысы да бар. Жібек жолын құру жұмыстары жанданып, Орталық Азия одақтасқа айналды.  Ресей тарапынан кедергі бар деп айтуға болмайтын. Қытай мен Еуроодақ арасындағы Ұлы жібек жолында жалғыз ғана тосқауыл  Украина болып қала берді.

Алайда, әккі саясаткер сол кездегі Украинаның президент Янукович Ұлы жібек жолы идеясын қызу қолдады.  Арадағы уағдаластық былай еді (қытайлық басылымдардың мәліметтері бойынша): ҚХР Евпатория ауданында жүк айналымы жылына 140 млн тонна болатын Қырым тереңсулы порт салады. Көптонналық кемелердің өтуі үшін 9 шақырымдық канал өткізеді.  Оған қоса әуежай, верфьтер, мұнай өңдеуші және сұйытылған газ шығаратын зауыттар, терминалдар, IТ-компаниялар, жағажайлар, оқу орталықтарын және т.б. тұрғызуы тиіс.

Құрылысқа 2014 жылдың соңында кіріспекші болды.  Мердігер ретінде әлемге әйгілі миллиардер Ван Цзиннің Никарагуа каналын салатын HKND Group компаниясы таңдап алынды.

Алайда В.Янукович Вашингтонның реакциясын ескермеген. Ол іске қосылғанда В.Янукович ес жиып үлгермеді:

Бір ақ күнде майданға «оңшыл сектор» содырлары мен арнайы нұсқаушылардың шекпенінен шыққан түрлі астыртын ұйымдар қаптап кетті. Мемлекеттік хатшының көмекшісі Нуланд содырлардың ортасында болып, оларды ынталандырып, үкіметке қарсы күштердің жағына ашықтан-ашық шығып алды. Оның арты немен аяқталғаны айдай әлемге мәлім. В.Януковичтің қашпасқа амалы қалмады.

Соңғы уақытта, Қазақстанда ҚХР қатысты аяқ астынан туындаған наразылық пен қытайларға қарсы ұлттық қозғалыстардан біреудің сырттан сына қағып, отпен ойнап отырғанын байқауға болады. Бұл жерде әлгі көзге көрінбейтін жексұрын мекеменің құлағы  қылтиып тұрғандай.  Сабары сақтап сәл ойланып қарасақ, «бұл кімге тиімді?» немесе дәлірек айтқанда, «ҚХР-ҚР-РФ сауда одағы мен "Батыс Қытай-Батыс Еуропа" жобасының іске асырылуы кімге тиімсіз?» деген ой жетелейді. 

Связанные Статьи