Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Гүлнара Ықсанованың жетекшілігіндегі кезекті кеңейтілген комитет отырысы өтті. Оның жұмысына Мәжіліс Төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева қатысты.
Инновациялық цифрлық білім беру Mozaik Education шешімінің тұсаукесері (Венгрия) және Қазақстан Республикасының бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт жобасының таныстырылымын жасады. «Mozaik Education» (Венгрия) компаниясының атқарушы директорының орынбасары Петер Тороктың «Мектеп үнемі өзгермелі әлемде табысты болуға қабілетті адамды дайындауға талпыныс жасайды»,-деп Гарвард университетінің (АҚШ) профессоры Тони Вагнердің сөзімен бастап, ағылшын тілінде баяндама жасады.
Қолданыстағы білім беру жүйесінің негізгі кемшіліктері неде? Білім беру мазмұны: мұғалімнің дайын ақпаратты оқушыға беруі; оқушының пәндер бойынша білім, білік және дағдыларды қарапайым деңгейде меңгеруге бағдарлануы.
Оқу үдерісіндегі өзара қырым-қатынас: мұғалім мен оқушы арасындағысубьекті-обьектілік қарым-қатынастың басымдығы, мұғалім мен оқулықты ақпараттың негізгі көзі ретінде ғана қабылдайтын оқушының енжар рөлі:
Оқыту нәтижелері: оқушы әрекетінің репродуктивті деңгейі, оқушылардың меңгерген пәндік білімі, біліктілігі және дағдыларының санын бағалау.
Орта білім беру мазмұны неліктен жаңартылуы керек?
Сарапшылардың пікірі бойынша: бірінші себеп – экономикалық. Балалардың өмірде өз орнын табуға үйрету керек.
Екінші себеп – мәдени. Балалардың өз ұлтына тән сезімін дамытуға үйрету керек.
Осыларды ескере отырып Білім және ғылым министрлігі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен жасаған Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартының жобасын жасады.
Таныстырылым барысында Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым вице-министрі Е. Иманғалиев, «Х.Жұматов атындағы гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының орынбасары Л. Орақбай, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Ә. Әмірова және Қазақстан педагогикалық ғылымдар Академиясының президенті, педагогика ғылымдарының докторы А. Құсайыновтар ойларын ортаға салды.
Оставить комментарий