Қазақстанның территориалдық тұтастығына қол сұққандар 10 жылға сотталады

/uploads/thumbnail/20170708151914385_small.jpg

Бұдан былай Қазақстанның территорилдық тұтастығына қатер төндіріп, сепаратистік үндеу тастағандар 10 жылға сотталады. Бас прокуратура үй ішінен үй тігуге оқталып, заңға қайшы әрекетке барғандарды барынша қатаң жазаламақ.

Бұл туралы 31 арна еліміздің Бас прокуратурасына сілтеме жасап хабарлады.

Ол үшін жаңадан әзірленіп жатқан "Қылмыстық Кодекс"-ке арнайы бап енгізілді. Енді тіпті интернет желісі арқылы біртұстас елдің белгілі бір аумағын бөліп алуға қатысты пікір айтқандар да жазаланады. Украинадағы жағдайдан Қазақстанның күштік құрылымдары тиісті қорытынды жасаған сынды. Мәжілісте бірінші оқылымда мақұлданған Қылмыстық Кодекс, бүгін тағы бір пысықталды. Тиянақталған заң жобасы келесі сәрсенбі күні жалпы отырыстың күн тәртібіне шығарылады.

Нормативтік құжатта Қазақстанның территориялық тұтастығына қатер төндіріп, заңға қайшы әрекет жасағандар қамалатыны анық жазылған.  ҚР Бас прокуратураның басқарма бастығы Арман Аяғанованың айтуынша, Қазақстан Республикасының территориалдық тұтастығына қол сұғып, Конституцяиға қайшы әрекеттерге шақырғандар 7 жылға дейін, ал қызметтік жағдайын пайдаланып, үндеу тастағандар 10 жылға дейін сотталады.

Ведомствоаралық жұмыс тобы заң алдында "иммунитеті" бар мәртебелі тұлғаларды ұстау мен қамауға алу талаптарын да өзгертті. Бұл тізімде Парламент депутаттары, Конституциялық кеңес мүшелері және мәртебесі конституциялық заңдармен реттелетін өзге де жоғары лауазымды тұлғалар бар. "Мысалы қарапайым бұзақылық жасағаны үшін адамдарға 3 жыл жаза болса, бас бостандығынан айыру, депуттарға және конституциялық кеңес мүшелеріне басқа "иммунитеті" бар адамдарға 7-8 жыл болуы мүмкін. Сондықтан ол адамдарға мемлекеттегі аса жауапты қызметтегі адамдар үшін қойылатын жауап жоғары болғандықтан тексеру де жоғары болсын деп отырмыз. Себебі ол адамның жазасы анадан қарағанда 2-3 есеге жоғары болады", - дейді мәжілісмен Рамазан Сәрпеков. Жәбірленушілерге сеп болуы үшін тіпті арнайы қор құрылады. Оған айыптының мүлкін сатудан түскен қаражат жиналады. Қор есебінен жәбірленуге тиісті медициналық және басқа да көмек көрсетіледі. Озық елдер тәжірибесіне сүйенген жұмыс тобы, осылайша біртіндеп кеңестік кезеңнен қалған кемшіліктерді жоймақ.

Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель АҚШ-та түске дейін жасалған қылмысы үшін түстен кейін заңды жазасын алып, сотталған қылмыскерді мысалға келтірді. АҚШ-та бұл жүйе жылдар бойы қалыптасқан. Қазақстанда тың тәжірибенің қаншалықты сәтті іске асарын уақыт көрсетеді. Өйткені жаңа Кодекс тиісті инстанциялардан түгел қолдау тапса, 2015 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Оставить комментарий

Связанные Статьи