Жироновский, Лимонов, Сокуров... Осылардың ізінше, қазақ мемлекетінің біртұтастығына қауіп төндіретін пікірді Хакасия Жоғарғы Кеңесі төрағасы Владимир Штыгашев айтты. Ол: «Ресей бұрынғы КСРО-ның құрамында болған бірқатар жерлерге иелік етуге тарихи тұрғыдан құқығы бар. Бұл орайда Қазақстанның шығысындағы облыстарды айтуға болады» деп мәлімдеді. Бұл туралы e-center.asia сайтына сілтеме жасап «Алаш айнасы» хабарлайды. Хакасия Жоғарғы Кеңесі төрағасы Владимир Штыгашев: «Біздің тарихшылар тіпті соңғы 70 жылдың тарихын білмейді. Шығыс Қазақстан облысы, дұрысы рудалы Алтай... Рудный Алтай әрдайым Ресейдің құрамында болып келді. Бұл жерді территориясы кішкене болғандықтан, Қазақстанға Ишим облысының (Омбы облысы) шешімімен берілген. Берді де, Қарағандыны құрды. Бұл күні кеше ғана, яғни 1936 жылы болған оқиға. Біз барлығы 5 облысты Қазақстанға бердік. Сол арқылы автономия одақтас республикаға айналды. Яғни, бұл жерлерді тегін қолдан қолға өткізе салдық», - дейді.
Бұл сандырақ. Бірақ бұл бекер айтылған сөз емес, тым құрығанда қазақтың қас- қабағын байқау үшін айтылған басты белгі. Әр бір қазақ бұған немқұрайлы қарамауы керек. Кешегі орыс ұлымызды құл, қызымды тұл қылды. Бұл шындық! Ал, қазір ше? Қазір де Ресей үкіметі қолынан келсе, Қазақстанды аяйын деп отырған жоқ. Саяси тұрғыдан қазақ елінің орысқа жалтақтай беруі де бізді бүгінгі күйге жеткізді. Енді ес жиятын кез келді. Бірақ бұл орыс ұлтына деген қарсылық емес. Керісінше, қазақ елінің тәуелсіздігіне қатер төндірген дұшпанмен қазақ өліспей беріспейтіндігінің бір көрінісі. Қазақстан - қазақтардың Отаны. Мұны Қазақстанда 130 ұлт тұрмақ, 260 ұлт болса да, мойыны үзіліп кетсе де мойындауы керек!!! Әрине, біз әсіре ұлтшылдықпен Қазақстандағы ұлттарды шеттетіп отырған жоқпыз. «Көк тудың астында күн көріп жатырмыз, ел бірлігін қорғап, тыныш өмір сұреміз» дегендерге қазақ халқының құшағы ашық. Ал, жат пилығын жасырып, Отанды бөлшектегісі келетіндерге "пышағымыз" дайын! Украин жағдайы қазақты да ойландырмай жатқан жоқ. Тіпті, ата -мекеннен алыс жұрген 5 миллион қазақ та Қазақстанның халін ойлап, қарадай қан жұтып жүр. Дегенмен, украиндағы жағдайды Ресей Қазақстанда жасай алмайды. Мүмкін емес!Құдай оның бетін ары қылсын, егер алда-жалда белең берсе, қазақ баласы қарап отырмайтынына сенемін! Туған жердің тоқымдай жерін қорғау үшін бабалардың басы қайда қалмаған?! Біздің де жанымыз солардан артық емес. Мейлі кім келсе де, қазақ баласы бәріне беруге шыдайды. Өйткені әр бір қазақ үшін Қазақстаннан қымбат не бар?!
Дербестік үшін қанша талпынса да, қан кешіп, қайғы жұтып жұрген жұрт аз ба? Ендеше, осының бәрі әр бір қазақ азаматына, Қазақстанның суын ішіп, нанын жеген, топырағын басқан әр бір қазақстан азаматына үлкен ой салуы тиіс. Қазақстандағы 10 миллюн қазақтың ең үлкен бағы− Тәуелсіз Қазақстан. Ендеше, бақ бағалағанның басында тұрады. Саусақ бірікпей ине ілкпейді. Әр бір қазақ осыны білуі керек. Кейде билікке өкпеп, қынжыла отырып, қыжылымызды айтқанымызбен, сыртқы жаудың алдында жұдырықтай жұмылу -әр қазақтың парызы. Билік те халыққа сенуі керек. Қазақстанның басына күн туса, қорғаушысы да, қолдаушысы да қазақ екенін билік басындағы азаматтар айқын мойындауы керек. . Қара бастың қамы, бәр отбасының жайы үшін, өз құлқыны үшін қазақтың тағдырымен ойнап жұрген азаматтар да жоқ емес. Олар да тізгінін тартып, Отан қорғау отбасын қорғау екенін есіне түсірер кез жетті!
Қалиақбар Үсемган
Оставить комментарий