Баян Есентаеваның шулы оқиғадан кейінгі алғашқы сұхбаты (Видео)

/uploads/thumbnail/20170709063818438_small.png

Баян Есентаева тележүргізуші Динара Сәтжанға 10-шы маусым оқиғасынан кейін алғаш рет сұхбат беріп, жұрт көкейіндегі сұрақтарға деген жауаупты өз  аузынан  айтып берді  - деп  Qamshy.kz тілшісі хабарлайды. Видеосұхбат Динара Сәтжанның YouTube хостингіндегі арнасында пайда болды.

Баян Есентаева " Мен жайлы түрлі алып- қашпа әңгімелер айтылып жатыр. "Бәрібір шындық ашылады, жақсысы өз аузымнан айтқаным дұрыс болар деп шештім "- дейді.

Еске салайық, Баян Есентаева 10 маусымда ауыр жағдайда Талғардағы ауруханаға түскен болатын. Тергеудің мәліметінше, оны күйеуі Бақытбек Есентаев аяусыз ұрып соғып, бірнеше рет пышақтаған. Бұл оқиға Еңбекші ауылының маңында Құлжа тас жолында болған. 

Бақытбек Есентаев ұсталып, Талғар аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілді. Кейін ІІБ өкілдері медициналық куәландыру қорытындысы бойынша Бақытбек Есентаевтың мас болғанын айтты. Ол өз кінәсін мойындап отыр екен. Іс "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша тергеліп жатыр. Есентаева ауруханада 10 күн болды, бірақ үйіне шыққаннан кейін жұлдыз Еуропаның Франция елінде елден жырақ тынығып, ем алып қайтты. 
 

Связанные Статьи