Қыркүйектің 8 күні Хилари Клинтон Трамптың Путинге деген көзқарасынан шошитынын айтты.
АҚШ президенттігіне Демократиялық партиядан үміткер Хилари Клинтон республикалық қасыласы Дональд Трамптың Ресей лидері Владимир Путинге қарата айтылған пікірінен көңілі қалғанын айтты,- деп хабарлайды Qamshy.kz Zakon.kz сілтеме жасап. ТАСС хабарлағандай ол бұл сөзді қыркүйектің тоғызы Ныю-Йоркте америкалық барлаушылардың өткізген брифингінде айтқан.
«Мен АҚШ президенттігіне үміткердің ресейлік президентті мақтап, өзін онымен теңестіретініне таң қаламын»- деді ол. АҚШ-тың экс мемлекет хатшысы Трамптың жеңске жеткен соң орындаймын деген кей істеріне «жағымсыз таң қалыс» білдіргенін қосып өтті. Оның ойынша, ол Біріккен Штаттардың қауіпсіздігін әлсіретеді.
Қыркүйектің 8 Клинтон Трапмтың Путинге деген ерекше сезімі қорқытатынын да айтқан. Ол қарсыласының «Путин өз лидерлігін Обамаға қарағанда көбірек көрсетіп жүр» деген пікірінің жәй ғана пікір емес «патриоттылыққа жатпайтын, біздің халық пен жоғарғы қолбасшымыздың намысына тиетін— қорқынышты ой» екенін атап өтті.