Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуына қатысты тараған ресми ақпараттағы бір қызық тұсқа назар аударды.
Мәселенің мәні неде?
Бұрынғы президенттің ресми сайтында Нұрсұлтан Назарбаевтың үйден дауыс бергені хабарланған болатын. Бұған оның денсаулық жағдайы, атап айтқанда жақында омыртқасына ота жасалғаны себеп ретінде көрсетілді.
Саясаттанушының пікірі:
Ғазиз Әбішевтің айтуынша, заңнамаға енгізілген түзетулерге сәйкес, бұрынғы президенттердің денсаулық жағдайына қатысты мәліметтер мемлекеттік құпияға жатқызылған. Осыған байланысты саясаттанушы екі түрлі болжам жасады:
- Не бұл хабарламадағы ақпарат мемлекеттік құпияны жария ету деп бағаланатындай деңгейде терең ашылмаған;
- Не бұл мәліметті жариялаған жауапты тұлғалардың тиісті арнайы рұқсаты болған.
Айта кетейік, бұған дейін өткен референдум кезінде экс-президент Астанадағы сайлау учаскесіне өзі барып дауыс берген еді. Ал бұл жолы оның денсаулығына байланысты дауыс беру рәсімі үй жағдайында ұйымдастырылды дейді саясаттанушы – деп хабарлайды, Qamshy.kz ақпарат агенттігі ulysmedia.kz басылымына сілтеме жасап.