Талғат Донақов ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Qamshy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Талғат Советбекұлы Донақов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалсын», - делінген Президент Жарлығында.
Талғат Донақов 1965 жылы Семей облысында туды.
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетті, КСРО (Мәскеу қ.) ғылым Академиясының мемлекет және құқық Институтының аспирантурасын бітірді, заңгер-құқықтанушы, заң ғылымының кандидаты.
1991-1992 ж. - Философия және құқық Институтының, Қазақстанның мемлекет және құқық Академиясының ғалым хатшысы.
1992-1994 ж. - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңес аппараты төрағасының кеңесшісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары.
1994-2000 ж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің, заң жүйесінің кеңесші, сектор меңгерушісі, меңгерушінің орынбасары, меңгерушінің бірінші орынбасары, заң шығару мәселелері және құқықтық сараптама бөлімінің меңгерушісі.
2000-2002 ж. - Қазақстан Республикасының Әділет министрінің бірінші орынбасары.
2002-2004 ж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісінің бірінші орынбасары.
2004-2008 ж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің заң шығару мәселелері және құқықтық сараптама бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі.
2008-2015 ж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысының орынбасары.
2015 жылдың 11 желтоқсанында Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері министрі болып тағайындалды.