Елімізде "Халал" ұғымының құқықтық негізі жоқ

/uploads/thumbnail/20170708152314506_small.png

Қазақстан заңнамасында «халал» терминіне қатысты түсінік те, анықтама да жоқ. Сондықтан ол заңнамалық тұрғыда бекітілуі шарт, деп есептейді ҚР Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігінің төрағасы Болатбек Қуандықов.

«Біздің нормативтік-құқықтық базада «халал» терминіне қатысты түсінік те, анықтама да жоқ. Заңнамада мүлдем жоқ. Дегенмен, діни қоғамдық ұйыммен қабылданған халал өнімін өндіру және сату туралы ереже бар. Соның негізінде сертификаттар берілуде. Ол заңнамалық тұрғыда бекітілмегендіктен, ол бойынша мемлекеттік нормативтік-құқықтық актілер болмағандықтан, агенттік ҚР Бас прокуратурасына халал өнімі деген ұғымға құқықтық баға беруге қатысты сауал тастадық. Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне, Дін істері агенттігіне хат жолдадық. Мұнда нақты белгіленген шарттар болу керек деп есептейміз. Ол заңнамалық тұрғыда бекітіліп, халал критерийлері нақты көрсетілуі шарт, содан кейін нарыққа шығарылуы тиіс», - деді ол бүгін Астанада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, Қазақстанда халал деген түсінік заңдық тұрғыда негізделмегендіктен, тұтынушы сотта өз құқықтарын қорғай алмауы ықтимал.

«Ешкім халал не екенін түсінбейді. Сот оның халал немесе халал емес екендігіне қатысты шешім шығара алмайды. Сондықтан барлығы құқықтық аяның ішінде болуы керек. Ол ертең тұтынушы қорғалуы үшін қажет. Қазіргі уақытта «халал» шұжықтар көптеп шығып жатыр. Оны қойшы, бүгінде «халал» қонақүйлер пайда болған. Жақында интернеттен оқыдым, алыс шетелден келген мейман Қазақстанда «халал» көлік жөндеу стансасын көргенде таңғалыпты. Мұндай алжасулар болмас үшін, заңға енгізуіміз шарт», - дейді ол.

inform.kz

Оставить комментарий

Связанные Статьи