Әбдірәшит Бәкірұлы: Билік "ауырса" - алмасады, ал "халықтың санасы" ауырса ше?

/uploads/thumbnail/20170708152313846_small.jpg

Қазақтар туралы әңгімені алдымен "ойшыл" Солженицин бастады, содан кейін оны саясаткер Жириновский жалғастырды, оған жазушы Лимонов, губернатор Штагышев, сарапшы теоретик Севастьянов қосылды. Айтатын әңгімесі бір - "қазақта жер болмаған", "жерді қайтару", "қазақ деген ұлт жоқ" (Севастьянов) және т.с.с. Оның бәрі сандырақ екені рас. Бірақ айтылған сөздер бос кетпепті. Май мейрамы кезінде орыстың ұлтшыл жастары да "Қазақстан жасанды мемлекет" дей бастапты. Соған қарағанда бұл "вирус" бұқаралық сананы да жаулап ала бастаған сыңайлы. Яғни, бұл - ертеңдері бізге қатысты Украинадағыдай жағдай қайталанса - оны "бұқаралық сана" толық қолдап шығады деген сөз. Бұл - осынысымен қауіпті! Билік "ауырса" - ол алмасады, ал, "халықтың санасы" ауырса ше? Ол осындай "вирусты" жұқтырса - оны қалай жазуға болады?

Оставить комментарий

Связанные Статьи