Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның қызы Астанада адам қаққан

/uploads/thumbnail/20170709085458480_small.jpg

Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның қызы  тамыздың 30 күні «Бәйтерек» монументі  маңайында  болған жол көлік апаты ісі бойынша тергеуден өтіп жатыр,- деп хабарлайды Qamshy.kz  Today.kz-ке сілтеме жасап. 18-жастағы  Айдана Көпбосынова Land Rover Discovery 4 көлігін жүргізіп келе жатып, 28 жастағы  Мейіржан Қасымғалиевты қағып кеткен.

Зардап шегуші жігіттің әпкесі  Мерей Ескендірованың мәліметінше, жас жігіт әлі күнге дейін емханада жатыр. Оған жабық бас-сүйек ми зақымы және  ми жарақаты, көптеген сынықтар бар деген диагноз қойған

«Дәрігерлер үш ай ішінде оған тұруға болмайды деді, әзірше күніне бес минут қана отырады. Оның үнемі басы айналады. Жақында ғана бауырымды қаққан қыздың анасы хабарласты. Ол көмек ретінде екі миллион жинағанын айтты. Бірақ, оның бәрі бос сөз болып қалды.  Кездесуге шақырды, бірақ біз тек заңгердің қатысуымен ғана кездесуге келісеміз. Маған оның сөйлеу мәнері ұнамады. Алланы аузына ала беретіні жақсы ниеттен шығар, бірақ онысы  бізге ешқандай сенім бермейді.   Мен оған ұсынылған соманың өте аз екенін айттым, ол қаражат менің бауырымның сауығып кетуін қамтамасыз ете алмайды»,-  деп айтқан Мерей Ескендірова.

Мейіржан  Қасымғалиевтың отбасы істі сотқа дейін апарып, апатқа кінәліні жауапқа тартқызатындарын атап өтті.

«Ол заң бойынша жауап берсін, бастысы тергеушілер істі бұрып жібермесе болғаны. ЖКА жалғыз куәгері екі апта болды байланысқа шықпайды, хабарламаға да, қоңырауларға да жауап бермейді. Бұл да бізді алаңдатады», - деп шағымданды Ескендірова.

Өз кезегінде Айнұр Тұрсынбаева портал тілшілеріне зардап шегушінің отбасы кез-келген көмектен бас тартып отырғанын жеткізген,  үлкен соманы да өтемақы ретінде алғысы келмейтінін мәлімдеді.  

"Біз көмектесуге дайынбыз, бірақ олар көмектен бас тартуда.  Айдана ол жігітті қағып кеткен кезде жедел жәрдемді өзі шақырған.  Біз күн сайын емханаға келіп тұрдық, бірақ кейіннен олар күзет қойып, бізді ішке кіргізбей қойды.  Жігіттің отбасы өте үлкен сомада қаражат сұрап отыр, бірақ бізде ондай қаржылай мүмкіндік жоқ. Олар бізден 30 мың доллар сұрады, егер ондай көлемде ақша болса кездесуге келе аласыздар, ал жоқ болса, елемей-ақ қойыңыздар,- деді. Біз көмектесуге дайынбыз:  қарайтын күтушіні де жалдап бермек болдық, ақылы палатаға да ауыстырайық, дәрі-дәрмек, азық-түлігін де алып берейік дедік. Қызым оған емханаға барса, анасы ендігәрі келме депті. Енді заң бойынша жауап беруге тура келеді. Басқа шара жоқ»,- деп жауап берді оқиғаға қатысты Айнұр Тұрсынбаеваның өзі.

Астана қаласы ІІД аталған фактіге 345-ші бабы бойынша « ЖЖЕ бұзды немесе  тұлғалардың көлік құралдарын пайдалануы» ҚР ҚІ  сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді. Зардап шегушінің емі аяқталған соң жүретін тексеріске керек сарапшылар белгіленді,- деді.

«1998 жылы туылған көлік  жүргізушісі  Land Rover Discovery көлігін «Бәйтерек» монументіне қарсы  Ақмешіт көшесі бойымен жүргізіп келе жатып, сол жақтан оң жаққа қарай жаяу жүргіншіден өтіп келе жатқан  28 жастағы Мейіржан  Қасымғалиевті  қаққан. ЖКА салдарынан түрлі дене жарақаттарын алған жаяу жүргінші емханаға жатқызылды», – делінеді полиция мәліметінде.

Мекемеде бұған дейін Land Rover Discovery  көлігінің жүргізушісі құқық бұзу жауапкершілігіне тартылмағанын атап өтті.

Естеріңізге салсақ, Мейіржан Қасымғалиевтың туыстары  тамыздың 30  күні  «Бәйтерек» монументі жанында болған ЖКА куәгерлерінің  хабарласуын сұрайды.  Жас жігіт ҒЗИ-да  травмотология жән бас ми сүйегі зақымнданып, түрлі сынықтармен жатыр.   Кейіннен жәбірленушінің әпкесі   белгісіз бір алаяқтардың сол оқиғаны түсірген видеожазба бар деп, өздеріне сатуға тырысып жүргенін айтты.  

Оставить комментарий

Связанные Статьи