Дезодорантты жиі қолдану төстің қатерлі ісігіне шалдықтырады

/uploads/thumbnail/20170709085453980_small.jpg

Дәрігерлер тердің және денеден шығатын басқа да иістерді жою үшін дезодорантты жиі пайдалану қатерлі ісікке әкеліп соғатынын айтуда. Бұл туралы "Ортодокс" сайты хабарлайды.

Адамның денсаулығына алюминий тұзы бар косметикалық заттар аса зиянды екен. Женевадағы онкологиялық орталық өкілдері арнайы зерттеу нәтижесінде дезодорант төстің қатерлі ісігін шақыратынын анықтаған. Кейбір алюминий тұздары тері арқылы тәнге еніп, тердің шығуына бөгет түзеді. Бұл бір жағынан төсте қатерлі ісіктің пайда болуына әкеліп соғуы мүмкін.  

Оставить комментарий

Связанные Статьи