Мал ішінде аса қауiптi жұқпалы аурулардың алдын алу Шымкент қаласының тұрғындарын толғандырып жүрген сауал. Себебі ауруды болдырғанша алдын алу, сақтық шараларды білген дұрыс қой. Осы орайда мамандар пікіріне құлақ ассақ,-деп хабарлайды QAMSHY.KZ
Бақытжан БЕГМАНОВ, Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмiнiң ветеринария секторының меңгерушiсi:
– Ауру жұқтырмау үшiн иелiгiндегi малға дұрыс күтiм жасалуы қажет. Үй жануарларына ауру алиментарлық жолмен, яғни жем-шөп, су, ауа арқылы, ауру малмен жанасқанда жұғады. Ветеринария саласындағы заңнама бойынша иелерi малының немесе үй жануарларының ауруға қарсы егiлуiне, зерттелуiне және олардың бiрдейлендiрiлiп, деректер қорына енуiне жауапты. Малы ауырса немесе ауырғандай болып күдiк тудырса, мiндеттi түрде ветеринарға хабарласуы қажет. Және ветеринар келгенше малын өзге сау малдардан оқшаулап қоюы керек. Малын сатқанда немесе етке сояр алдында мамандардан арнайы үлгiдегi анықтамалар алуы тиiс. Ал сатып алған кезде ветеринар дәрiгерге хабарласып, малын есепке қоюы керек. Iшкi сауда объектiлерiне келiп түскен өнiмдi саудалаған кезде олардың сараптамадан өткендiгi туралы анықтамасын талап еткен жөн. Осындай шараларды мұқият ұстанған жөн.
Қазірде тарихтың қалтарысында қалып бара жатқан Кеңес өкіметі кезінде совхоздар мен колхоздардағы түрлі фермаларда 20-30 мың бас қой, мыңдаған бас сиыр, жылқы өсірілген еді. Әрбір аудандағы шаруашылықтарда, оның бөлімдерінде білікті мал дәрігерлері жұмыс істеді. Олар ел аралап жүріп малдың ауруға шалдықпауын қатты қадағалады. Бұрынғы мен қазіргі жағдайды салыстырсақ, бүгінгі күні малдың сау болуы ең алдымен сол малдың иесін алаңдатады. Кеңес өкіметі тұсында мал мемлекеттің меншігінде болды. Ал қазір мал халықтың жекеменшігінде. Ауру мал шықса, дереу бақылауға алынып, өзге өңірге тарап кетпеуі үшін ветеринарлық жұмыстар жүргізілді. Вакцина жеткілікті болды.
Б.ДАРҒОЖИНА http://okg.kz/
Оставить комментарий