Мал базарларға қойылатын талаптар

/uploads/thumbnail/20170709103503107_small.jpg

Мал базарларына қойылатын арнайы талаптар жайлы халық көп біле бермейді. Мал базарларға сатылымға шығарылатын төрт түлiк иелерiне қандай талаптар қойылады? Бұл сұраққа заң жүзінде жауап іздесек, мамандар не дер екен деп хабарлайды QAMSHY.KZ

Әуез МЫҢБАТЫРОВ, Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiн бақылау және қадағалау секторының бас маманы:

– ҚР «Ветеринария туралы» Заңы 32-бабының талаптарына сәйкес үй жануарларының барлығы бiрдейлендiрiлуi тиiс және дерекқор базасына ендiрiлуi қажет. Осыған сәйкес мал базарға сатылымға түсетiн жануардың иесi тұрғылықты жерiнiң қолайлы аймақ екенi жөнiнде ветеринарлық анықтаманы, жануардың төлқұжатын, аса қауiптi жұқпалы ауруларға қарсы егу iс-шарасы туралы мәлiметтi көрсетуi тиiс. Iрi қара, уақ малдарда сырға, жылқы малында таңба (табро) болуы қажет.

Әрбір аудандағы шаруашылықтарда, оның бөлімдерінде білікті мал дәрігерлері жұмыс істеді. Олар ел аралап жүріп малдың ауруға шалдықпауын қатты қадағалады. Бұрынғы мен қазіргі жағдайды салыстырсақ, бүгінгі күні малдың сау болуы ең алдымен сол малдың иесін алаңдатады. Кеңес өкіметі тұсында мал мемлекеттің меншігінде болды. Ал қазір мал халықтың жекеменшігінде. Ауру мал шықса, дереу бақылауға алынып, өзге өңірге тарап кетпеуі үшін ветеринарлық жұмыстар жүргізілді. Вакцина жеткілікті болды. Ал қазір бір ауданда қанша мал басы бар, соған орай ғана санаулы дәрі-дәрмек беріледі. 

Жоғарыда көрсетiлген құжаттар болмаса төрт түлiк мал базарларға сатылымға жiберiлмейдi. Бұл жөнiнде сауда орнының кiреберiсiне және қала көшелерiндегi билбордтарға хабарлама берiлген.

Осы заң талаптарының сақталуы халық арасында аса қауiптi жұқпалы iндеттердiң таралуын болдырмауға және мал ұрлығының алдын алуға мүмкiндiк бередi. Ветеринарлық қауiпсiздiк – халықтың саулығын сақтаудағы маңызды қадам.

Б.ДАРҒОЖИНА http://okg.kz/

Оставить комментарий

Связанные Статьи