Шымкент сауда орындарындағы ветеринариялық бақылау қалай?

/uploads/thumbnail/20170709103453973_small.jpg

Сұрақ: Жаз айларында iшкi сауда нысандарында (базарлар, супермаркеттер, маркеттер) сатылымға түскен ет, сүт, құс, балық өнiмдерiне ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалау жұмыстары қалай жүргiзiледi?-деп хабарлайды QAMSHY.KZ

Беглан АБДИХАЕВ, Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiн бақылау және қадағалау секторының меңгерушiсi:

– Шымкент қаласының iрi азық-түлiк базарларына, супермаркеттерге және маркеттерге мемлекеттiк ветеринарлық дәрiгерлер бекiтiлген.

 Iшкi сауда нысандарына сатылымға түскен мал өнiмдерi мiндеттi түрде ветеринарлық сараптамадан өтуi тиiс, тексеруден өтпеген өнiмдер сатылымға жiберiлмейдi. Зертхана мамандары ет өнiмдерiн, яғни мал етiнiң ұшасын, iшкi мүшелерi мен басын, қолжетiмдi барлық лимфа түйiндерiн ашып қарап және iшкi мүшелерiн тiле отырып, органолептикалық (түсi, иiсi, т.б.) жолмен тексередi. Өнiм күдiктi болған жағдайда сынама алынып, зертханада қосымша зерттеулер жүргiзiледi. Нәтиже сапалы болған жағдайда ғана сараптау актiсi толтырылып, сатылымға жiберiледi.

Iшкi сауда объектiлерiнде мал өнiмдерiн сатып алу кезiнде мiндеттi түрде ветеринарлық сараптау зертханасының актiсiн сұраған абзал және мал етiнде сараптаудан өткенi жөнiндегi мөр басылғандығына назар аудару қажет. Бұлар болмаған жағдайда өнiмдi алудан бас тартып, сол объектiлерге бекiтiлген мемлекеттiк ветеринарлық дәрiгерге хабарласқан жөн. Дәрiгер табылмаса, Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмiнiң 39-04-21 сенiм телефонына хабарласуға болады.

 Б.ДАРҒОЖИНА http://okg.kz/

Оставить комментарий

Связанные Статьи