Қытай баспасөзі: Қытай Қазақстанның саяси көрегендігіне таңқалады

/uploads/thumbnail/20170708152507224_small.jpg

19-20 мамыр күндері ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚХР-ға жасаған мемлекеттік сапары, сонымен бірге, Шанхайда өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (21 мамыр) қытайлық БАҚ-тар үшін басты ақпараттық тақырыпқа айналды. Айтулы оқиға орталық телеарна, баспа және электронды басылымдар арқылы кеңінен таратылды.

Н.Назарбаевтың Қытайға мемлекеттік сапары

Қытайдың бұқаралық ақпарат құралдары ҚР Президенті Н.Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен Шанхай қаласының «Сицзяо» резиденциясындағы кездесу салтанатына ерекше назар аударды: екі елдің әнұрандары орындалып, жоғары мәртебелі мейманның құрметіне барлық әскер түрлерінің өкілдері салтанатты маршпен жүріп өтті, қолдарына екі елдің кішкентай жалауларын ұстаған қытайлық бүлдіршіндер «Қазақстан» деп қуана дауыстады. Сонымен бірге, қазақстандық көшбасшы «Жібек жолы әлемі сыйлығы» жоғары марапатын алған бірінші адам болды.

Қазақстан мен Қытай арасындағы келіссөздердің қорытындысы бойынша, қытайлық БАҚ-тарда көптеген материалдар жарияланды. Оларда негізінен саяси өзара сенім мен екі елдің арасындағы стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейі атап өтілген. Қазақстан экономикасына Қытай инвестициясынан 10 млрд. доллардан астам қаржыны қарастыратын түрлі салалардағы қол жеткізілген уағдаластықтардың санына, сонымен бірге Си Цзиньпиннің қазақстандық тарапты еркін сауда аймағын дамытуға белсене қатысуға шақыруына баса назар аударылды.

Қытай БАҚ өкілдері Қытайдың саяси реформаларды одан ары кеңейтуі мен «Қазақстан-2050» даму Стратегиясы арасындағы байланысты және екі ел басшыларының стратегиялық ойлары мен көрегендіктері жайлы тақырыптарды қозғады.

ҚХР-дың «Синьхуа» ақпараттық агенттігінің сайтында жеке парақша Н.Назарбаевтың қытайлық интернет-пайдаланушылармен онлайн-сұхбатына арналды. Барлығы Мемлекет басшысына 1000-нан астам сұрақ қойылды. Көптеген қытайлық интернет-пайдаланушылар қазақстандық көшбасшыны үлгі тұтатынын айтып, оның өмірлік тәжірибесіне, сүйікті спорт түрлеріне және жалпы Елбасының жеке тұлғасына қатысты сұрақтар қойды. Онлайн-сұхбатты 20 млн. астам адам оқыған. 100-ден астам түрлі БАҚ Н.Назарбаевтың шетелдік сапарының аясында болған қорытындылар бойынша 100-ден астам материал жариялады. «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Руслан Сүлейменовтің «Дунцзяо» резиденциясынан онлайн-сұхбатқа қатысуға арналған ерекше құқығы болды. Сол жерден ол мәліметтерді Қытайдан Қазақстанға жіберіп отырды. ҚХР-дағы оқырмандар оның материалдарын, жалпы ҚР Президентінің сапары жайлы ҚазАқпарат сайтының қытай тіліндегі нұсқасынан оқи алады.

АӨСШК саммиті

"China Daily" апталық газеті қазіргідей Азияда қауіпсіздікке қатер төніп тұрған шақта 1992 жылы ҚР Президенті Н. Назарбаев құрылуына бастамашы болған АӨСШК саммитінің аса маңызды екендігі атап өтілді. Осы орайда Қытайда Си Цзиньпиннің төрағалығымен өткен Шанхай отырысы алғашқы кең ауқымдағы халықаралық шараға айналды.

«АӨСШК бастамашысы - Нұрсұлтан Назарбаев. Біз оның үлкен саяси көрегендігі мен аймақтық қауіпсіздік пен әлемдегі бейбітшілікті қамтамасыз етуді өзінің парызы санайтын қасиетіне тәнтіміз», - деп Қытай басшысының саммиттің ашылу салтанатында сөйлеген сөзін келтіреді басылым.

Айта кеткен жөн, Си Цзиньпиннің Н. Назарбаев жөніндегі пікірі бойынша РФ Президенті В. Путин де өз пайымдауын білдірді. «Менің де еске түсіргім келеді, Кеңес құру жөніндегі идеяны (бұл жөнінде бүгін әңгіме болды) 90-жылдардың басында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынды. Ол бұл идеяны жүзеге асыру жолында аз күш жұмсаған жоқ».

Шетелдік сарапшылар форумның жоғары деңгейде өткендігін атап өте келе, (11 шет мемлекет басшылары, 1 үкімет және 10 халықаралық ұйым жетекшілері - барлығы 46 шетелдік делегация) АӨСШК саммитіне тұңғыш рет БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның қатысқандығына назар аударды. Олардың пікірінше, бұл Кеңес әлеуетінің тек аймақтық мәселелерді ғана емес, жаһандық проблемаларды шешудегі рөлінің артқандығын білдіреді.

Сондай-ақ "Синьхуа" өкілдері және шетелдік бақылаушылардың атап өтуінше, ҚХР Төрағасының саммиттің басталған сәтінен бастап аяқталғанша оның модераторы болуы бұл шараның Қытай басшылығы үшін аса маңызды екендігін дәлелдейді.

ҚазАқпарат

Оставить комментарий

Связанные Статьи