Актриса Тұрахан Садықова дүниеден өтті

/uploads/thumbnail/20170708152507784_small.jpg

Актриса 72 жасында дүниеден озды.  44 жыл М.Әуезов театрының сахнасында өнер көрсеткен актрисаның артында қалған жақындарына театр ұжымы қайғырып көңіл айтады.

23 мамыр Алматы облсы “Нұра” ауылында актрисаны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтеді.

9-9

1942 жылдың 20 ақпанында дүниеге келген актриса Тұрахан Садықова, Ұлттық «Құлагер»  киносыйлығының иегері.  Алматы облысы Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданы  Қарасазда  дүниеге келген.

Орта мектепті бітірген соң Нарынқол халық театрында еңбек етті.  С. Адамбеков пьесасы бойынша қойған «Күн мен көлеңке»  спектакліндегі Шоқбике ролі үшін Республикалық байқауда 1 дәрежелі дипломмен марапатталды.

1966-1968 жж. М. Әуезов атындағы академиялық драма театр жанындағы студияны оқып-бітіріп, осы театрға режиссердің көмекшісі қызметіне алынды, 1970 ж. актерлік құрамға ауыстырылды.

1979-1984 жж. Республикалық П .Чайковский атындағы музыка училищесінің прима-қобыз класын,1999-2002 жж. Көкшетау Гуманитарлық-экономикалық университетінің психология факультетін  сырттай оқып бітірді.

Үлкен сахнадағы алғашқы еңбегі М. Әуезовтің  «Қарагөзіндегі»  Ақбала. Одан бері көптеген роль орындады. Атап айтқанда, Қ. Шаңғытбаев, Қ. Байсейітовтің «Беу, қыздар-ай!» комедиясында Гүлшара, Н. Хикметтің «Фархад-Шырынында»  Күтуші, Ш. Айтматовтың «Ана-Жер-анасында» көрші әйел, Ұйғын мен  И. Сұлтановтың «Әлішер Науаиінде» Энага,  Қ. Мұқашевтің «Жамалында» әйел,  «Парторгында» Қатира,  Ш. Құсайыновтың «Алдаркөсесінде» Алдаркөсенің әйелі,  Ғ. Мүсіреповтің «Амангелдісінде» Замана,  Иран-Ғайыптың «Шыңғысханында» Кетбұға жырау, А. Сүлейменовтің «Кек» драма-диалогында Аруақ-елес, Т. Нұрмағамбетовтің «Кемпірлерден шыққан дауында» Мұғалима әйел, сондай-ақ Шекспирдің  «Асауға-тұсауында» трактирші әйел, Б. Брехттің «Тоғышардың тойында» Ана, т.б.

Рольдің үлкен-кішілігіне қарамастан актриса әр кейіпкерінің даралығын табуға ұмтылды, әсіресе, халықтық мінез-құлық сипаттарын тұшымды аша білді. Ал  киелі қобыз өнерін жақсы меңгеруі және қиял ұшқырлығы «Амангелді», «Шыңғыс хан», тағы басқа  қойылымдарда режиссерлердің ой-идеясын дамыта, байыта түсуге үлкен үлес қосты. «Шыңғыс хан» қойылымындағы Кетбұға жырау  ролі үшін актриса дәстүрлі «Театр көктемі» фестивалінің жүлдесіне ие болды.

Актрисаның таланты жарқырай түскен сала – кино өнері.  Кинодағы жолын «Бірге» (реж. Л. Аранышева, 1988) фильмінен бастаған   актриса  «Толғанай» фильмінде  Қалпақты әйел (реж. Н. Чанкова, 1989),  «Отырардың күйреуінде» (реж.А. Әмірқұлов, 1991) Илвашаның әйелі, «Екеуде»  Пошташы, «Сергелдеңде» (реж. С. Апырымов, 1993) Тәуіп, «Сталинге сыйлықта» (реж. Р. Әбдірашев) Бақсы  әйел, «Жел-адамда» (реж. Қ. Ахметов)  жүз жасаған Кейуана, «Ауылым – әнімде»  Ана, «Трассада»  қойшы әйел (реж. С. Құрманбеков),  «Мың балада»  соқыр кемпір (реж. А. Сатаев), «Немереде»  Ана,  т.б.; сондай-ақ   шетелдік киногерлердің  «Ұлжан»  (реж. Ф. Шлендорф), «ГАЗ. Орыс машиналары» (реж. Т. Бекмамбетов, Б. Қилыбаев),  «Байқоңыр» (реж. Ф. Хельмер),  «Дала» (реж. М. Бродский), CaspioNet  агенттігінің 20-сериялы «Қазақстан, мен сені сүйемін» телефильмінің «Сүт, қаймақ, ірімшік» атты серияларына (реж.Э. Гильман) түсті.

Т.Сыдықова Ұмай ана ролін орындаған кинорежиссер Е. Тұрсыновтың  «Келін» көркем фильмі  2009 жылы  Америка  Кино Академиясының  «Оскар» сыйлығына ұсынылып, үздік тоғыздыққа ілінді.  Осы  ролі үшін актриса ҚР Киногерлер Одағының «Құлагер» Ұлттық киносыйлығына ие болды.

Актриса 72 жасында дүниеден озды. 44 жыл М.Әуезов театрының сахнасында өнер көрсеткен актрисаның артында қалған жақындарына театр ұжымы қайғырып көңіл айтады.

http://auezov-teatr.kz

Оставить комментарий

Связанные Статьи