Ресей мен Грузия балуаны күресіп, соңы төбелеспен бітті (Видео)

/uploads/thumbnail/20170709162332692_small.jpg

 

Бухарестте Еуропалық ұлттар кубогы үшін жарыста ресейліктер мен грузиндік балуандар арасында жаппай төбелес болды. Бұл туралы tengrinews.kz жазды.

Рингте грек-рим стилімен күресетін балуандар Имиль Шарафетдинов пен Зураб Датунашвили шықты. Кездесу аяқталар уақытта олар сөзге келіп қалып, жанжал шықты. Осы уақытта екі жақтың басқа да балуандары мен команда бапкерлері де араласа кетті. Төбелесті дер кезінде тоқтату мүмкін болды, ал төбелесті бастаушылар төрешілер шешімімен жарыстан қуылған. 

Жарыс қорытындысы бойынша Ресей балуандары Еуропалық ұлттар кубогын жеңіп алды. Финалда олар украиналықтардан басым түсіп, 6:2 есебімен жеңді. Ал, Грузия болса небәрі төртінші орынға табан тіреді.

Связанные Статьи