Грекияның бұрынғы президенті Константинос Стефанопулос 90 жаста қайтыс болды.
Афина ауруханаларының бірінде көз жұмған оның өкпесі қабынған екен. Бұл туралы Франс Пресске сілтеме жасап РИА Новости хабарлады.
Константинос Стефанопулос 1926 жылы дүниеге келген. 1974-1981 жылдары үкіметте түрлі министрліктерді басқарды. Өмірінің соңына дейін ол елдегі ең құрметті және танымал мемлекет басшыларының бірі болды.
Ол 1995 жылы наурыз айында Грекия президенті болып сайланып, 2005 жылдың 12 нарузыныа дейін тұп тура 10 жыл ел басқарған болатын.
Айта кетсек, бұл елге 2015 жылы 13 наурыздан бері Прокопис Павлопулос президент болып келеді.