«-62°» деген видеоға Қазгидромет жауап берді: ШҚО-дағы нақты суық қандай

    «-62°» деген видеоға Қазгидромет жауап берді: ШҚО-дағы нақты суық қандай tengrinews.kz

    «-62°» деп көрсетілген видео Шығыс Қазақстанда дүрлігуді тудырды. Қазгидромет деректі тексеріп, Зыряновскіде ондай суық тіркелмегенін мәлімдеді.

    Видео қалай тарады

    Әлеуметтік желіде жарияланған роликте ер адам Зыряновскіде (қазіргі Алтай) түнде -62° болғанын айтты. Ролик Instagram желісінде кеңінен тарады.

    Ресми дерек не дейді

    Қазгидромет бұл ақпаратты жоққа шығарды. Метеорологтар 16 қаңтарға қараған түні Зыряновск метеостанциясы -41,5° көрсеткенін хабарлады. Осылайша, видеодағы -62° көрсеткіші ресми бақылауға сай келмеді.

    Қала атауы 2019 жылы Алтай болып өзгертілген.

    Парыгино қанша көрсетіп тұр

    15 қаңтарда Алтай ауданындағы Парыгино ауылында -45° тіркелгені хабарланған. 16 қаңтарда ауылда сынап бағанасы -53° дейін түскені жазылды YK-news.kz басылымында.

    Ертең ШҚО-да қандай ауа райы күтіледі

    17 қаңтарда Шығыс Қазақстанда жауын-шашынсыз күн күтіледі. Облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғады.

    Түнде ауа температурасы -33...-38° болады, оңтүстікте -28°. Солтүстік пен шығыста өте қатты аяз -45° күтіледі. Күндіз -27...-32° болады, оңтүстікте -23°.

    Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

    Қатысты Мақалалар

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    12:57, 06 наурыз 2025