СӘРСЕНБАЙҰЛЫ МЕН НЕМЦОВТІҢ ҰҚСАСТЫҒЫ

/uploads/thumbnail/20170709163251169_small.JPG

Ресейдің ең үлкен саяси қайраткерлерінің бірі Борис Немцов болса, Қазақстанның да тарихта аты алтын әріппен қалған ұлдарының бірі Алтынбек Сәрсенбайұлы. Былтыр ғана қастандықпен өлтірілген Немцов мен Қайнардың тумасы марқұм саясаткер Алтынбек Сәрсенбайдың тағдырын ұқсататындар бар.  

Кремльдің суқанын ұшырған Немцов пен өмірінің соңғы жылдары Ақордаға оппозиция болған Сәрсенбайұлының қандай ұқсастықтары бар? Көзілдірікті қос саясаткердің ұқсастықтарын тізбелеп көрдік.   

 1. Танымал ресейлік саясаткер, «Халық еркіндігі» партиясының төрағаларының бірі, Ярослав облыстық думасының депутаты Борис Немцов 1959 жылы қазанның 9-ы күні Ресейдің Сочи қаласында туған. Борис Немцовті 2015 жылы ақпанның 27-сі күні кеште белгісіз біреулер қыз досымен серуендеп жүрген сәтінде Мәскеудегі Үлкен Москворецк көпірінде тапаншамен атып кетті.

Алтынбек Сәрсенбайұлы 1962 жылы 12 қыркүйекте Райымбек ауданы Қайнарда дүниеге келген. 2006 жылы 2 ақпан күні Талғар ауданында белгісіз біреулер жағынан қастандыққа ұшырады. Жендет Алтынбек Сәрсенбаевпен бірге оның көмекшісі Бауыржан Байбосын және жүргізуші Василий Журавлев үшеуін байлап, желкесінен атқан. Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, журналист болған Сәрсенбайұлы Қазақстанның Ресей федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі, Ақпарат және қоғамдық келісім министрі сияқты қызметтерді атқарған болатын.  «Ақ жол» партиясының негізін қалаушыларының да бірі еді.

2. Борис Немцов 32 жасында Нижегород облысы Губернаторы атанады.

 Сәрсенбайұлы да 32 жасында министр болып жоғары билікке келді. 

3. 2003 жылдан бастап Алтынбек Сәрсенбайұлы өз еркімен Президентке қызметінен кетуге арыз беріп, қоғамдық-саяси қызметпен айналысты. Ресми түрде оппозиция құрамына өтті. 2003 жылдың қараша айында «Ақ жол» партиясының съезінде бірауыздан тең төраға болып сайланды. 2005 жылдың сәуірінен бастап шын мәніндегі «Нағыз Ақжол» партиясының төрағалығына көтерілді.  

Немцов те 2003 жылы өзінің үкіметтен кететінін ашық мәлімдеді. «Халық еркіндігі» партиясының іс-шараларын дамытуға күш салды, бизнеспен айналысты.  Ол 2000 жылдардың басынан либералдық қозғалыстар құрып, Оппозиция жетекшілерінің біріне айналған еді. Немцов Кремльдің Батыс пен Украинаға қатысты саясатын сынады, оның әлеуметтік желілердегі жазбалары кең тарап, қызу талқылана бастады.

4. Борис Немцов Путин режимінің қатаң сыншысы болатын. Ресей армиясының Украинаға кіріп, оңтүстіктегі сеператистік, ресейшіл жасақтарды қолдап келе жатқанын әшкерелеген болатын.   

Алтынбек көзі тірісінде Украинадағы «қызғылт сары төңкерісін» жақтады, бұрынғы оппозициялық қайраткер Тимошенкомен қою саяси байланыста болды.

5. Таңқаларлығы екеуіне қарсы жасалған қастандық операциясы ақпан айында жүргізілген. Алтынбек 2006 жылы 11 ақпанда жұмбақ жағдайда көз жұмса, Немцов те 27 ақпанда оққа ұшты.  

Сәрсенбайұлы қайтыс болған соң бірнеше күннен кейін халыққа жолдауында Назарбаев барлық құқық қорғау органдарына тез арада қылмысты тергеуді бұйырды.  

Немцовтің қазасынан кейін көп уақыт өтпей жатып Ресей федерациясының президенті Владимир Путин кісі өлімін айыптап, құзырлы органдардан қылмысты тез арада ашуын талап етті.

6. Немцов қаза болардан бір апта ілгері журналистерге Путиннің өзіне қол салатынын ашық мәлімдеген. «Егер әлде біреу менің жанымды алатын болса, ол басқа адам емес ол Путин» деп ашық айтқан болатын.  

2006 жылы белгілі саясаткер Заманбек Нұрқаділов үйінде белгісіз жағдайда жан тапсырды. Оның қаралы жиынына қатысқан Алтекең достарына  өзіне де қарсы қастандық жасалып жатқанын айтқан.

7. Ресей федерациясының алғашқы президенті Борис Ельцин Борис Немцовті бір сөзінде тақ мұрагері ретінде атаған.

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаев те Алтынбек Сәрсенбайұлын өзімнің тақ мұрагерім болады деп айтқан.

Айбын Рахметолла

Связанные Статьи