Джеймс Клэппер бұндай шешімге Трамп жеңіске жеткен соң келген. Бұл туралы ол Конгресте өткен жиында мәлімдеді. РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Ұлттық барлау қызметінің басшысы Джеймс Клэппер 64 күнннен кейін орнын босатады.
Конгресте сөйлеген сөзінде Клэппер АҚШ өзінің жарты ғасырдан астам уақыт барлау қызметінде болған кезінде көрмеген қиын мәселелерге тап болып отырғанын айтты. Ол сондай-ақ кейбір халықаралық келісімдердің болашығы жоқ екенін де жасырмады.
Джеймс Клэппер бұған дейін Президент В.Путиннің сыртқы саясаттағы басты ұстанымы Ресейді ұлы держава ретінде көрсету екендігін айтқан еді.
Клэппер Ұлтық барлау қызметінің басшысы қызметіне 2010 жылдың тамыз айында кіріскен. Одан бұрын Пентагон басшысының орынбасары қызметін атқарған.