Қазақстанда Азаматтық форум 2003 жылдан бастап жылына екі рет өткізіліп отырады. Азаматтық форум – еліміздің әлеуметтік өмірінде аса маңызды шаралардың бірі. Бүгін ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Алматыда «Болашағымыз бірлікте» атты X Азаматтық форум өтті.
X Азаматтық форумның ұйымдастырушылары: Алматы қаласының Ішкі саясат басқармасы мен ҚФ «Алматы қаласының ақпараттық-ресурсты орталығы». Шараның негізгі мақсаты – ҮЕҰ мен мелекеттік мүшелерінің өзара әрекеттетігін талқылау.
Отырыс тақырыбы: «Алматы қаласында Мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыруда ҮЕҰ-дың рөлі». Осыған орай, Алматы қаласының орынбасары А.О. Қырықбаев, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, «Тұран» университетінің ректоры Р.А. Алшанов, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ш.А. Әлімханов, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі Г.В. Канн және «Берекелі жол» РҚБ президенті Р.К. Бадаева өз баяндамаларын оқып, ұсыныс жасады. Сонымен қатар, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің жұмысына ҮЕҰ-дың қатысуы, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ҮЕҰ-мен өзара әрекеттестігі, азаматтық біртұтастықты қалыптастырудағы қоғамдық ұйымдардың рөлі, Мемлекетке тән емес функцияларды бәсекелестік ортаға беру процесіне ҮЕҰ-ның қатысуы сияқты өзекті мәселелер талқыланды.
Форумның аясында: пленарлық отырыс, «Өрлеу» 2016 Жәрмеңкесі мен Байқауының лауреаттарын салтанатты түрде марапаттау және Қазақстанның VII Азаматтық Форумына делегаттарды сайлау және диалог алаңдарындағы жұмыс өтті.
«Алматы қаласының ақпараттық-ресурсты орталығы» ҚФ-ның директоры Алтынай Көбееваның айтуынша, «Алматы қаласының Азаматтық форумы ҮЕҰ, БАҚ және басқа да қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, қаламызды көркейтуге, дамытуға ат салысамыз».