Тариx ғылымының атанбаған академигі – Зардыxан Қинаятұлы

/uploads/thumbnail/20170709164813617_small.JPG

Белгілі саясаткер, қоғам қайраткері, Тарих ғылымдарының докторы, профессор Зардыхан Қинаятұлы 23 қарашада 77 жасқа қараған шағында өмірден озған еді. 

Қинаятұлы Моңғолия еліне өте сыйлы тұлғалардың бірі болды. Ғалым Моңғолияда дүниеге келген. Моңғолия мемлекеттік университетін, Мәскеу қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген. 1975 – 87 жылдары Моңғолия кәсіподағы орталық комитетінің хатшысы, 1990 – 92 жылдары Моңғолия үкіметі басшысының орынбасары және Моңғолия Парламенті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.  Моңғолия премьер-министрінің орынбасары қызметін атқарған ол сол жылдары осы елдің жаңа Ата заңын жасаушылардың бірі болып қызмет еткен. Елге келген соң ұзақ жыл Ә.Марғұлан атындағы тарих институтында ғылыми жұмыспен айналысып келді.

Моңғолияның жаңа Конституциясын және сол елде жүргізілген саяси-экономикалық реформалардың құқықтық негізін жасаушылардың бірі. 1994 жылы Қазақстанға қоныс аударған еді. Ғылыми-зерттеу еңбектері ұлттану және ұлтаралық қатынастар мәселесіне арналған.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи