Мақта өнеркәсәбін дамытудың маңызы зор

/uploads/thumbnail/20170709165207479_small.jpg

Осыдан екi-үш жыл бұрын мақта шаруашылығына деген көзқарас едәуiр төмендеп, оның көлемiн мейлiнше қысқарту керек деген ұстаным жасалды. Бұл, әсiресе, негiзгi дақылы ақ мақта болып келген мақтааралдықтар үшiн ауыр тидi. «Сәнiмiз де, әнiмiз де, нәрiмiз де – ақ мақта» деп, көз ашқалы осы дақылды өсiрiп, тiршiлiгiнiң басты қайнары санап келген «ақ алтыннан» айырылу оңай ма? Оның үстiне елiмiз егемендiк алған жылдардан берi мақта саласына Елбасымыз үлкен қолдау жасап келедi. Мақта–тоқыма кластерi дүниеге келдi.+

Бүгiнгi таңда өскен шиттi мақтаның 35 пайызы облыстың тоқыма кәсiпорындарында өңделуде. Ендiгi мақсат – 2020 жылға дейiн шиттi мақтаның 90 пайызын облыстың кәсiпорындарында өңдеудi қамтамасыз ету. Сонымен қатар, шиттi мақта көлемiн 54 пайызға өсiру жоспарланған, ол 420 мың тоннаны құрайды.

Бүгiнде өңiрдiң әр ауданында индустриалды аймақтардың құрылысын жүргiзу және дамыту қолға алынған. Осы орайда Оңтүстiк Қазақстан облысында 11 индустриалды аймақ құрылған, оның төртеуi Шымкент қаласында орналасқан. Оның iшiнде, алтауы iске қосылып, онда 143 жобаны жүзеге асырып, 10400 жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Республикада бiрiншi болып жұмысын бастаған «Оңтүстiк» индустриалды аймағында 20,4 млрд. теңгенiң 39 жобасы iске асырылып, 3,1 мың жұмыс орны ашылды.

Ал, «Оңтүстiк» арнайы экономикалық аймағынан тоқыма фабрикалары iске қосылды. Ғылыми-зерттеу институты, фабрика жұмыс iстейдi. «Мақта саласын дамыту туралы» заң қолданысқа ендi. Ағын су тапшылығын жою мақсатында қыруар қаржы бөлiнiп, Тәуелсiздiктiң 20 жылдығы атындағы жаңа канал салынды.               

Сайлау Тотықов, «Құрмет» орденiнiң иегерi, Мақтаарал ауданының құрметтi азаматы.

«Оңтүстік Қазақстан» газеті

Оставить комментарий

Связанные Статьи