ДАИШ адам органдарын сата бастады

/uploads/thumbnail/20170709165355231_small.jpg

Қаржы көздерін мұнаймен толтырып отырған ДАИШ ультрарадикалды террорлық тобы мұнай құдықтары коалициялық күштер тарапынан нысанаға алынғандықтан, табыс көзі ретінде қарапайым азаматтар мен әскери адамдардың органдарын сата бастаған, деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Ирактан таралатын әл-Сүмерие телеарнасының хабарына қарағанда, террор ұйымының қаржылық көздері қысыла бастаған соң олар осы орган саудасына көшкен.

Хабарда, «ДАИШ-тың ықпалындағы медициналық жасақ, Нинова ауруханаларындағы 85 ДАИШ мүшесінің бүйректерін мен басқа да органдарын» ұрлады делінген. Ол органдар қала сыртындағы басқа ауруханаға әкетіліпті.

Хабарға сай, қарапайым азаматтардан және сот сараптамасына әкелінген мүрделерден де органдар ұрланып келген. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи