Дәулет Тұрлыханов өзінің аты аталған аудиожазба бойынша пікір айтты

/uploads/thumbnail/20170709165652077_small.jpg

Бүгін портал бетінде «Өзін Дәулет Тұрлыханов деп таныстырған адам Ерболатқа «Ninety One» тобы үшін сөгіс айтты (Аудио)» деген материал жарық көрген болатын.  Қамшы порталы мәселенің анық-қанығын анықтау мақсатында Дәулет Тұрлыхановқа қоңырау шалғанын, алайда Дәулет мырзамен байланыс орнатылмағандығын тілге тиек еткен еді. Бірер минут бұрын ұлт мақтанышының өзі портал тілшісі Жазира Байдалыға кері қоңырау шалып, өз шындығын баяндады.

Дәулет Тұрлыханов:

«Бұл біреудің жасаған интригасы. Аудиожазбада өзін Дәулет Тұрлыханов деп таныстырған дауыстың иесі мен емеспін. Ерболат Беделханмен бұл мәселе бойынша сөйлескен жоқпын. Кім не үшін, қандай мақсатта менің атымды пайдаланып отыр түсінбедім. Шын айтсам, «Ninety one» деген топ барын да білмеппін. Жаңа ғана Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы орын алған жайтты жоққа шығаруымыз қажет деп хабарласқан болатын. Мен тағы да қайталап айтайын, бұл біреудің интригасы, қатты таңырқап отырмын».

Қамшыгерлер атышулы топтың продюсері Ерболат Беделханға қоңырау шалды. Ерболат мырзаның ұялысы өшірулі.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи