Биыл Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласы бойынша 5239 гектардан астам жерге егілген бақша өнімдерінен бүгінгі таңға дейін 104178 тонна өнім алынды.
Сыр ана мен Арыс өзенін тел емген Арыс қаласының диқандары өздерінің бақша өнімдерін (қарбыз-қауын) облыс орталығы Шымкент қаласы мен еліміздің Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Ақтөбе қалаларын қамтыды.
Қазіргі таңда бақша өнімдерінің экспорты Еуро одақ елдеріне шыға бастады. Мысалы, «Аққала» кооперативі қауын өнімдерін Германия, Балтық елдеріне, Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласына, Новосібір, Пенза, Самара облыстарына жөнелтілуде.
Жылдағы өніммен салыстырғанда өнімді молынан алған арыстық диқандар ала жаздай еткен еңбектерінің ақталғанына қуанышты.
Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысының Астанадағы күндері аясында облыстық өнеркәсіп өндірушілердің көрмесі мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне Арыс ауданының өнімдері де жөнелтілді.
Өңірден бас қалаға 300 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген керуен жолға шықты. Мерейтойға тарту ретінде оңтүстікқазақстандық диқандар өз өнімдерін нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзан саудаламақ.
Сонымен, жалпы көлемі 304 тонна болатын өнімдердің құрамында 60 тонна ет және ет өнімдері, 126 тонна көкөніс, 29 тонна жеміс-жидек, 7 тн сүт өнімдері, 5 тн шұбат, 25 мың дана жұмыртқа, 40 тн бақша өнімдері, 7 тн балық, 7 тн бал, 3 тн өсімдік майы мен 5 тн кептірілген жеміс 15 тн басқа да өнімдер бар.
Оставить комментарий