Баян Есентаева: Бәріне кінәлі - қызғаныш

/uploads/thumbnail/20170709171232319_small.jpg

 

Танымал телепродюсер Баян Есентаеваның журналистерге берген сұхбаты бүгін vlast.kz сайтында жария көрген болатын. Қамшы порталы сұхбатты ықшамдалған нұсқасын қазақшаға аударып назарларыңызға ұсынады.

Зарина: Жауап бергіңіз келмейтін сұрақ бар ма? Алдын-ала келіссек.

Баян: Жоқ. Сіз сұрай беріңіз. Әңгімелесу барысында қойылған сұраққа байланысты «жауап бергім келмейді» деп өзім айтамын.

Зарина: Instagramыңызда 2 миллион жазылушыңыз бар. Қысқасы, жазылушыңыз ең көп медиа тұлғасыз. Мұндай үлкен аудиториясы бар адам өзінің оқырмандырының алдында автоматты түрде әрбір сөзі, іс-қимылы үшін жауапкершілік сезінеді. Сіз күйеуімді кешірдім деп айттыңыз. Кешірудің астарында не жатыр? 2 миллион халқыңызға ағынан жарылсаңыз қайтеді?

Баян: Instagram мен Twitter-ге тіркелгенде осынша танымал боламын деп ойламаппын. Толқыннан қалмау үшін тіркеле салған едім. Жалпы мен біреуге ешқашан үлгі болуды армандаған емеспін. Біреуге «маған қарап үлгі ал» деп ешқашан айтқан жоқпын. Бүгінгі таңда «Сізге ұқсағысы келетін, сізден үлгі алатын, сізді жақсы көретін жазылушылар алдында жауапкершілігіңіз бар» дегенді естіп жүрмін.

Шын мәнінде – мен ешкімге міндетті емеспін

Біз бәріміз пендеміз. Қателесеміз. Қателесуге құқылымыз. Менің кез келген сөзім, әрекетім қоғам назарында. Иә, күйеуімді кешірді деп өз шешімді айтқан болатынмын. Кешіру үшін 4 ай қажет болды. 4 айдың 3 айы бойы ессіз күйде, терең, қатты күйзелісте болдым.  Ішкенім антидепрессант, көргенім емхана болды. Қытайға, Францияға барып толыққанды тексерістен өтіп, ине терапиясын жасадым. Біреу жайлы ойлануға шамам болған жоқ. Өзім өзімнің кім екенін білмей қалдым. «Менің есімім Баян, тегім Есентаева, кіммін мен?» - бұл өз-өзіме жиі  қойылатын сұрақ болды. Таңертең тұра салысымен душқа кіріп, өзімнің немен айналысқанымды, идеяларды қалай алатынымды еске түсірумен болдым. Есіме түсіре алмадым.

Алғашқыда физикалық тұрғысынан ауырдым. Сосын жаным ауырды. Екіншісі біріншісінен ғана маған ауырлау тиді. Ешбір дәрі жан ауруын баса алмады.

Оны 15-20 жылға бас бостандығынан айыруы мүмкін деген ақпаратты естігенде біртүрлі болып қалдым. Ол менің балаларымның әкесі, 22 жыл менің қуанышым мен қайғымды бөліскен жан болатын.

3 айдан кейін алғаш рет телефонмен сөйлестік

Онымен өзім телефонмен сөйлескім келді. Бұл мен үшін маңызды болды. Бетпе-бет кездесуге дайын болмадым. Телефон арқылы бір сағат тілдестік...

Мен үнемі күйеуімнің жақсы екендігін айтып жүретінмін. Оным шындық. Кез келген әйел онымен бақытты ғұмыр кеше алушы еді. Себебі ол қамқор әке, жақсы жар болатын. Басымыздан кешкенімізді бүтін бір мемлекет біліп қойды. Өкінішке қарай. Ол олай болады деп ойлаған жоқ. Бақытбек танымал медиа тұлғаны емес өзінің әйелі, балаларының анасы Баянды қинағысы келді. Нәтижесін білеміз. Бәрі бұлай болады деп мен де ойлаған жоқпын.

Клиникада жатқанда елдің ішінде қандай шу болып жатқанын хабарым болған жоқ. Бәрін бір жетіден кейін ғана білдім. Пресса менің әрбір қадамымды бақылап жатыр екен... ізіме түскен екен... Ауруханада жатқанда біреу мені суретке түсіріп алыпты. Оны да білмедім... Сәтті пайдалана отырып, менің өміріме араша түсіп, аман алып қалған барлық дәрігерлерге, емханаға алғыс білдіргім келеді.

Зарина: Ол фото бойынша әлі күнге дейін сұрақ көп. Фотоны жасырын түсіріп алған медбикеге айтар назыңыз, тағар айыбыңыз бар ма?

Баян: Мен орын алған жайттан кейін ешкімге ренжімейтін болдым. Сондықтан мейірбикеге айтар назым жоқ. Оны өзінің ар-ұяты білсін. Құдай бәрін көріп тұр ғой. Мейірбикенің кім екенін анықтап жатпадым. Бәрін сол қалпында қалдырдым.

Зарина: Айтыңызшы, бәріне кінәлі қызғаныш па?

Баян: Иә, қызғаныш. Мен оның мінезін жақсы білемін. Ол мені жан-тәнімен сүйді. 22 жыл бойы үлкен махаббаты сезініп өмір сүрдім. Махаббаттың шегі болмаған да қиын екен. Алып сезім адамға не істетпейді?

Зарина: Телефонмен арқылы күйеуіңізбен тілдестіңіз. Содан кейін кешірім жасаймын деген шешім ойыңызға келді ме?

Баян: Жоқ, мен шешімді Үндістанда болғанда қабылдап қойғанмын. Үндістанның храмдарын аралап жүргенде әртүрлі адамды (байы бар, кедейі бар, бақыттысы бар, бақытсызы бар) көрдім. Үнді елінің пәлсапасы менің өмірлік көзқарастарымды өзгертті. Ол жақта адамның бақытты оның әлеуметтік статусына еш байланысы жоқ. Храмда кедейге қызмет жасап, храмның еденін жуып, нан пісіріп, кедеймен жерде бір тілім нанды бөлісіп жеген миллиардерді көрдім.  Түсінгенім – адам кез келген жағдайда бақытты бола алады… Біз – мейірімсізбіз. Әлеуметтік желіге кірсең шошисың. Айнала агрессияға, зұлымдыққа, кекшілдікке, көрсеқызарлыққа толы. Елге күйеуімді кешіремін деген шешімді қабылдап оралдым.

Зарина: Күйеуіңіздің ұзақ жылдар бойы темір торда отырғанын қаламағандықтан оны кешірдіңіз бе?

Баян: Менің шешімім, кешірімім заңды өзгертпесін білгенмін. Бірақ кешіргенім өзіме қажет болды. Кешіргеннен кейін еш алаңдамай оған қоңырау соға аламын. Бұл қас дұшпанға айналғаннан жақсы.

Зарина: Қиын сәтте қолдау көрсетудің орнына теріс бұрылғандар болды ма жақындарыңыщдың арасында? Дос ретінде кімді жоғалттыңыз?

Баян:  Аталмыш ситуацияда әркім өзін әртүрлі қырынан көрсетті. Біреулер палатасына кіргізбеді, біреулер менімен сөйлеспеді деп ренжіп қалды. Мен жай ғана өз өзіммен қалғым келгенін олар түсінген жоқ.  Мен өмірбақи сұлу әйел болдым. Менің сұлулығыма таң қалатын. Маған қарап сүйсінетін. Ал, қазір менің кескін-келбетім қисық, бір көзім дұрыс жабылмайды, ал жұрт болса маған реніш артып әлек. Нөмірімді өзгерттім. Маған бес адам ғана қоңырау шала алатын. Менімен бетпе-бет кезігіп қалғандар менімен өздерін қалай ұстарларын білмеді. Мені тірі өлік ретінде көретін. «Қалың қалай?» деген сұраққа «Бәрі жақсы. Алаңдамай, өзіңді еркін ұсташы» деген жауабыма таңырқап «Өзгермепсің!» дегендер болды. Маған ақша да ұсынды, клиника да таңдасты, жеке ұшақпен де қамтамасыз еткісі келді. «Нұр Отаннан» бастап бәрі звондады. Бәріне көп-көп рақмет айтамын.

Мадина: Елбасы звондамады ма?

Баян: Жоқ, звондамады.

Зарина: Қойылар сұрақ үшін кешірім сұраймын. Жаңа бет-әлпетіңізге бойыңыз үйренді ме?

Баян: Қазақстаннан сол себепті қашып кеттім. Шетелде болдым. Ол жақта ешкім мені танымады. Ешкім маған көзімді бақырайтып тінтіп, зерттеп қарамады. Жаңа бет-әлпетімді, бейнемді қабылдауым қажет. Әлі қабылдай алмай жатырмын. Өзімнің жағдайыма Алла тағаланың сабағы ретінде қараймын. Сұлу келіншектен сұрықсыз әйелге айналдым. Мұрныма ота жасауым қажет. Бет-әлпетім жайлы,  жасататын отам жайлы ойланғым келмейді.

Мадина: Сізді аузым ашылып, ұйып тыңдап отырмын, Баян ханым. Жанарыңызға қарай беремін... Өзіңізді демек сұлу деп есептемейсіз?

Баян: Әлбетте, жоқ.

Мадина: Сізбен келіспеймін.

Баян: Бұрынғы түрім қандай болғанын жақсы білемін.

Зарина: Құдайға үнемі сенуші ме едіңіз?

Баян: Үнемі. Өмірімде еш жамандық жасамаған адаммын. Көзіне ұялғаннан тіке қарай алмайтын адамым жоқ. Жұмыста да, жеке өмірде де 22 жыл бойы әділетті болдым. Соңғы рет ренжіткенім болмаса. Реніштің жазасын алдым.

Зарина: Мұндай жаза әділетті деп санайсыз ба?

Баян: Бүкіл халыққа мен әулиемін деп айта алмаймын.

Зарина: Сіздің ойыңызша, жаза бастыңыз, соның жазасын тарттыңыз – бұл әділетті. Әйел адам мұндай жазаға лайықты деп ойлайсыз ба?

Баян: Ол үшін жауап бере алмаймын.

Зарина: Әйелге адамға қол көтеру мүмкін дейсіз бе?

Баян: Қол көтеруге болмайды. 22 жылда күйеуім маған саусақ ұшын тиген емес.

Мадина: 10 шілде күні болған оқиға 22 жылдық баянды өмірдің берекесін жойғандай...

Баян: Әрине. Ол сол үшін 9 жыл бас бостандығынан айырылып отыр.

 

Авторлар: Зарина Ахматова, Мадина Аманова

Аударған: Жазира Байдалы

 

 

Связанные Статьи