(Макс пен Талғатқа – Бостандық!)
(Жердің жүзін жалмап келген үш алып,
Күдігім бар,
«Кете ме деп жоғалып»...)
Жер Ана да шалдығыпты науқасқа,
Жүрегімдей,
Ойпы-тойпы
Қозғалып...
Тұрғандай-ау,
Барша әлем жұталып,
Бас салардай бір-біріне от алып.
Жоқ емес-ау,
Қорқыныштың бары рас
«Соғыс өрті кете ме – деп, – тұтанып?».
Өткергенде,
Бастан талай зұлматты,
Сабақ алар
Баста ештеңе қалмапты.
Сары сүргін, қу қырғынға ұшырап,
Талай ұлттар өзін-өзі жалмапты.
Қақ жарылдық,
Бай,
Кедейге бөлініп,
Келе жатыр,
Әй, бірдеңе көрініп...
Ойламай ма,
Ел ризығын жегендер
«Қалар-ау – деп, – туырлығым тілініп?»
Тастаяқтай қағыстырған қазақты,
Не істерсің бұл,
Иманы жоқ кәззапты?!
«Елді қорғау,
Жерді қорғау – Қылмыс!» деп,
Соттап отыр
Жер қорғаған қазақты!
Ұлт намысы –
Макс пенен Талғатты,
«Қылмыскер» – деп опасыздар,
Таңдапты.
Исатай мен Махамбеттің –
Өр рухын
Мұқым қазақ екеуінен аңдапты.
(Осы болар –
Ар-Намысың сотталған!
Көрер жарық,
Болашағың оталған...)
Намысыңды жыртып,
Содан сотталған:
Мәңгі бақи –
Макс пенен Талғаттың
Махамбет пен Исатайдай жатталып –
Есімдері,
Ел есінде сақталған!
Қуаныш МҰҚТАЙ
28.11.16 жыл
Оставить комментарий