Соңғы 3 жылда шетелде діни білім алып жүрген 400-дей студент Қазақстанға қайтарылған. Шетке ілім іздеп барғандар көбіне Пәкістан, Бангладеш, Малайзия, Сауд Арабиясы мен көрші Қырғыз елдеріне тұрақтайды. Өйткені осы елдерде оқуға түсу, виза мен өзге қызметтер тегін. Бұл діни сауатты басқа бағытқа бұру үшін жасалған жағдай екені түсінікті дейді прокурорлар.
Студенттерді елге қайтару «Экстремизм мен терроризмге қарсы күрес бағдарламасы» аясында жүзеге асуда.
Прокурорлар, келесі жылы шетте жүрген 13 студентті қайтару басты міндетіміз, деп отыр. Бұл экстремизм мен терроризмнің алдын алу тетіктерінің бір парасы. Өйткені соңғы кездері жат ағымда жүргендердің сырттан барған студенттердің санасын улау дерегі күрт көбейген.
Айта кетер болсақ, биыл Қазақстан екі бірдей лаңкестік оқиға орын алып, салдарынан Қазақстанда террордың сары деңгейі, Ақтөбе мен Алматыда қызыл деңгейі жарияланған еді. Билік ресми түрде аталған қылмысты салафиттердің жасағанын жариялаған болатын.
Оставить комментарий