Тайюаньда жаңадан ашылған fast food рестораны секси қыздарды жұмысқа алысымен саудасы күрт өсіп, клиенттер кезекке тұратын жағдайға жеткен. Бұл туралы Thesun жазды.
Келіп жатқандардың кейбіреуі бизнесмен болса, біреулері қарапайым адамдар. Терең төс декольтесі бар қыздар кәуап қақтап, сосискалы сэндвич дайындайды. Олардың қолынан шыққан тағамдарды алып, қарны тойғандар да бірден рестораннан ұзақтай қоймайды.
Қызмет бере бастағанынан, интернетте танымал болған ресторан суреттерімен бөлісіп клиенттерін көбейте түскен.
Бұндай тәсілдің табысын күрт өсіргенін айтқан қожайын «көлігімен тапсырыс беруге келгендер әйелдерін көлікте қалдырып, тапсырысын алса да біраз кідіріп қалады. Күте-күте ресторанға кірген әйелімен күйеулері арасында ұрыс-керіс шығып жатады» деп әзілдейді.
Оставить комментарий